50396
Талдықорған тұрғынын ыстық үтікпен күйдірген полицейлер жауапқа тартылуы мүмкін
Талдықорған тұрғынын ыстық үтікпен күйдірген полицейлер жауапқа тартылуы мүмкін
Әлеуметтік желіде Талдықорғанда өткен наразылық акциясына қатысқан Азамат Батырбаевты құқық қорғаушылар қыздырылған үтікпен азаптағаны жайлы хабар тарады, деп жазды turkystan.kz.
Кейбір дереккөздерде Азамат Батырбаевтың тергеу изоляторында бір аптадан бері қамауда отырғаны айтылған. Осы оқиғаға байланысты Бас прокуратура мәлімдеме жасады.
«Аталған тұлға Талдықорған қаласында болған тәртіпсіздіктер кезінде құқық қорғау органдары қызметкерлеріне шабуыл жасағаны үшін 2022 жылдың 22 қаңтарында ұсталғанын хабарлаймыз», - деді Бас прокуратурадағылар.Биылғы 23 қаңтарда жауап алу кезінде 5 баланың әкесі 10 қаңтар күні ішкі істер органдарының қызметкерлері өзін азаптағаны жайлы айтып берген.
«А. Батырбаевтың бұл арызының негізінде Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен азаптау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде» деп жазылған Бас прокуратураның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.