«Карточканы әйелім ұстайды»: депутаттар жалақысын қанағат тұтып отыр (ВИДЕО)

«Карточканы әйелім ұстайды»: депутаттар жалақысын қанағат тұтып отыр (ВИДЕО)

«Карточканы әйелім ұстайды»: депутаттар жалақысын қанағат тұтып отыр (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
50325
Мәжіліс депутаттары 5 жыл бойы жалақысы өспейтініне еш өкінбейді. Президенттің пәрменіне көнген олар 600 мың теңгеден жоғары алатын айлығын қанағат тұтып отыр, деп хабарлады turkystan.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап. Премьер-министр 1 ақпаннан бастап депутаттар, министрлер мен әкімдердің жалақысын алдағы 5 жылда көбейтпейтін қаулыны қабылдады. Алайда, шенеуніктер жалақыны сол күйі ай сайын алғанымен, мемлекеттік мерекелерде сыйақыдан қалыс қалмайды.
«Көппен көрген ұлы той» деген қазақтың жақсы бір мақалы бар ғой. Сондай принцип болуы керек. Әйелім алады, карточка сонда. 650, 630 мың теңге қолына алады. Ет – ауылдан, біздің туыстарымыздан келеді, сонда бір 170-200 мың теңгедей кететін шығар», - дейді Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров.
Ал оның әріптесі Елнұр Бейсенбаев бұрын мұндай жалақы алып көрмегенін айтты.
«Бұған дейін мен мұндай айлық алған емеспін. Сол себепті, қазіргі айлық тиімді. 600 мың теңге шамасында қаражат аламын. Шамамен 150 мың теңгедей азық-түлігімізге кетеді. Өйткені көпбалалы отбасымыз. Басқасының бәріне жетеді», - дейді Мәжіліс депутаты.
Бүгінде өңір басшыларының жалақысы Үкімет мүшелері мен депутаттардың айлығынан әжептәуір жоғары. Әкімдерге бюджеттен тәжірибесіне қарай 2 миллион теңгеге дейін айлық түседі. Мәселен, Атырау, Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының басшылары сол қатарда. Ал мемлекеттік қызметте аз тәжірибесі бар Қарағанды, Павлодар облыстары әкімдерінің бір айлық жалақысы миллион теңгедей. Министрлердің жалақысы 900 мыңнан басталса, қос палата депутаттары 600 мың теңгеден жоғары табыс табады.

Серіктес жаңалықтары