50282
Ақтөбеде егіз баланың мәйіті табылды
Ақтөбеде егіз баланың мәйіті табылды
Ақтөбе облысында үй өртеніп, 5 жасар 2 бала қаза тапты, деп хабарлады turkystan.kz Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 3 ақпан күні Қобда ауданы Қызылжар ауылында болды. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрттің ауданы 8 шаршы метрді құрады.
«Қызылжар ауылына ең жақын өрт сөндіру қызметі 80 шақырым қашықтықта орналасқан. Оқиға орнына өрт сөндірушілер жеткенше еріктілер жалынның бетін қайтарып үлгерді. Дегенмен үйде 2017 жылы туған егіз бала болған. Екеуі ыстан уланды. Сол уақытта ата-аналары жұмыста болған екен. Болжам бойынша, от электр тогының қысқа тұйықталуынан шыққан»,- делінген хабарламада.Тағы оқи отырыңыз: Шымкентте қоқыс жәшігінен әйелдің мүрдесі табылды