Бокстан ұлттық құрамаға жаңа капитан сайланды

Бокстан ұлттық құрамаға жаңа капитан сайланды

Бокстан ұлттық құрамаға жаңа капитан сайланды
ашық дереккөзі
50321
Бокстан Қазақстан құрамасының жаңа капитаны сайланды, деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов мәлімдеді.
«Қазір Қамшыбек Қоңқабаев пен Абылайхан Жүсіпов кәсіпқой бокста бақтарын сынайтындықтан, құрамада капитан ауысты. Команда жігіттері ақылдаса отырып, бірауыздан Асланбек Шымбергеновті таңдады», - деді бапкер.
Еске сала кетсек, бұған дейін ұлттық құраманың капитаны болған Абылайхан Жүсіпов кәсіпқой деңгейге ауысатынын айтқан болатын.

Серіктес жаңалықтары