«Халқы басшысын қолдамаса, шариғат та қолдамайды» деген имам кешірім сұрады (ВИДЕО)

«Халқы басшысын қолдамаса, шариғат та қолдамайды» деген имам кешірім сұрады (ВИДЕО)

«Халқы басшысын қолдамаса, шариғат та қолдамайды» деген имам кешірім сұрады (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
50416
Елдегі жаппай тәртіпсіздіктер кезінде полиция қызметкерлеріне және халыққа видеоүндеу жасаған белгілі ұстаз Қалыбек Әліпбайұлы үндеуі үшін елден кешірім сұрады, деп хабарлады turkystan.kz. Айтуынша, ол 4 қаңтар күні елге жолдаған видеоүндеуін асығыстықпен жасаған.
«Мен, Қабылбек Жұбай Әліпбайұлы, 2022 жылдың 4 қаңтары күні елімізде орын алған оқиғаға байланысты айтқан видеоүндеуіме қатысты төмендегідей баяндағым келеді. Өзім елде болмауыма байланысты, яғни кіші қажылықта іссапарда жүргенімде халықтың көшеге шығып, еліміздің ахуалына қатысты үндеулерін көрдім. Алайда, соңына дейін қарай алмадым, сол себепті асығыстықпен айтқан бұл видеоүндеуімді таратпауларыңызды сұраймын», - дейді ол.
Сондай-ақ ол сол кезде айтқан видеоүндеуін үшінші тарап, кейбір пиғылы бұзық кісілер әлі де жамағат арасына таратып, дін адамын жаман кейіпте көрсеткісі келетінін айтқан.
«Мемлекеттегі кез келген жағдайға байланысты тек құзырлы мекеме өкілдері ғана белгілі баға, ресми пікір беруі керек деген ұстанымдамын. Ал дін қызметкерлері өзіне ғана қатысты міндеттемелерін атқаруы тиіс деп санаймын. Қорыта айтқанда, 4 қаңтар күні жазған видеоүндеуім үшін сіздердің алдарыңызда кешірім сұраймын. Сонымен қатар, баршаңызды түрлі фейк ақпараттардан сақ болуға шақырамын!» - деді Қабылбек ұстаз.

Серіктес жаңалықтары