50749
Полицейлер студенттердің тістерін жұлып, үтікпен азаптаған (ВИДЕО)
Полицейлер студенттердің тістерін жұлып, үтікпен азаптаған (ВИДЕО)
Facebook желісінде ер адамның журналистке туысының тергеуде қалай азапталғаны туралы айтқан видеосы пайда болды, деп хабарлады turkystan.kz.
Оның айтуынша, кәмелетке толмаған студенттердің тістеуікпен тістерін жұлып, арқаларына үтік басқан көрінеді.
«Туысым кәмелет жасына толмаған 2-курс студенті. Сол сияқты, оның қасында отырғандар да 16-17 жастағы балалар. Біз тергеу кезінде қасында бола алмадық. Адвокатымыз сендерді қалай тергеді деген кезде, арқамызға үтік басты, тістеуік алып, тістерімізді жұлды деген. Төрт тісі босаған. Бұл деген сұмдық қой! Жас студент балалар не біледі? Олар террорист емес, сабағына барып-келіп жүрген балалар», - дейді жәбірленушінің ағасы.Тағы оқи отырыңыз: Алматыда митинг өтіп жатыр (ФОТО)