Қаңтардағы қақтығыс туралы толық видео шықты

Қаңтардағы қақтығыс туралы толық видео шықты

Қаңтардағы қақтығыс туралы толық видео шықты
ашық дереккөзі
51182
Желіде Алматыда қаңтардың 4-інен 5-іне қараған түнгі оқиға баяндалған видео пайда болды, деп хабарлады turkystan.kz. inform.kz-ке сілтеме жасап.  Видеодан 4 қаңтар күні кешкі сағат 21.00-ден кейін Момышұлы мен Рысқұлов көшелерінің қиылысында 500-ге жуық адам жиналғанын көруге болады. Жиналғандардың Ұлттық ұланның әскери қызметшілерін қоршап алғаны, түн ортасынан кейін полицейлер мен әкімдік ғимаратына шабуыл басталғаны да көрінеді. Түнгі сағат 2.30-ға қарай шулы гранаталар жарылып, көзден жас ағызатын газ қолданыла бастайды. Cағат 3.00-де Сейфуллин және Тимирязев көшелерінің қиылысында тәртіпсіздіктерге қатысушылар мен полиция қызметкерлерінің қақтығысқаны көрінеді. Қақтығыстар әр түрлі жерде таңғы cағат 5.00-ге дейін жалғасқан. Таңғы сағат 6.00-дe мемлекеттік нөмірі жоқ көлік тізгіндегендер тосқауылдар орнатады. Сағат 7.30-да тәртіп сақшылары тосқауылдардан өту үшін көзден жас ағызатын арнайы техниканы қолдана бастайды. Сағат 9.30-да полиция қызметкерлері тәртіпсіздіктерге қарсы арнайы техника мен құралдарды пайдаланбағандықтан екі бірдей «Стена» арнайы машинасынан айырылып қалады. 5 қаңтар күнгі таңғы сағат 11.00-де «КАМАЗ», «Стена» көліктерінде және «Гелиос» бензовозына тиелген бір топ адам Төле би және Байтұрсынов көшелеріне қарай беталады. Жолда ішкі істер қызметкерлерінің шебін бұзып өтеді. Сағат 12.20-да Әуезов аудандық полиция басқармасы мен Алмалы аудандық полиция бөліміне шабуыл басталады. Видеода Алмалы аудандық полиция басқармасының фронт-офисі мен бақылау-өткізу пунктінің өртеніп жатқаны көрінеді. Сағат 17.20-да түсірілген өрт сөндіру машиналарында тәртіпсіздіктерге қатысушылар ҚР Президентінің резиденциясына шабуыл жасай бастаған. Кешкі сағат 20.00-ге қарай қаладағы Полиция департаментінің негізгі қақпаларын, сондай-ақ әуежайдың жолаушылар терминалын басып алу әрекеттері жасалғанын көруге болады.

Серіктес жаңалықтары