Заңгер Ермек Нарымбаевтың ұсталуына қатысты пікір білдірді

Заңгер Ермек Нарымбаевтың ұсталуына қатысты пікір білдірді

Заңгер Ермек Нарымбаевтың ұсталуына қатысты пікір білдірді
ашық дереккөзі
50305
Заңгер Марат Бәшімов Facebook-тегі парақшасында саяси белсенді Ермек Нарымбаевтың ұсталуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлады turkystan.kz. Оның айтуынша, Ермек Нарымбаев тағайындалған жазаны өтеместен, Қазақстаннан қашып кеткен.
«Кейбір ақпараттық порталдар таңнан бері Алматы әуежайында Ермек Нарымбаевтың ұсталуы туралы пікірімді сұрап жатыр. Мен ол адамды танымаймын. Бірақ заңгерлердің мұндай жағдай туралы кез келген мемлекеттің өз әділет және құқықтық жүйесін құруға егеменді құқығы бар екенін алға тартатынын айттым. Интернеттен оның елімізде сотталғанын оқып білдім. Үкім бойынша, оған тұрғылықты мекенжайынан тысқары шығуға тыйым салынған екен. Ал ол 2016 жылдың шілдесінде Қазақстаннан қашып шыққан. Кейін аппеляция үкімді өзгертіп, жалпы режимдегі колонияда 3 жыл бас бостандығынан айырған. Яғни, тағайындалған жаза өтелмеген. Ал бұл ақпарат шекарашылардың базасында тұр деген сөз. Осы себепті де оны ұстап әкеткен. Әрі қарай не болатынын мен білмеймін. Мұндай жағдайда процессуалдық нормаларды жетік білетін, қылмыстық құқық бойынша маманданған адвокат керек екенін ғана білемін», - деп жазды Марат Бәшімов.
Тағы оқи отырыңыз: Белгілі оппозиционер Ермек Нарымбаев та ұсталды

Серіктес жаңалықтары