«Жастар криминалды тұлғаларды еліктейтін адам ретінде көріп отыр» - Ерлан Қарин

«Жастар криминалды тұлғаларды еліктейтін адам ретінде көріп отыр» - Ерлан Қарин

«Жастар криминалды тұлғаларды еліктейтін адам ретінде көріп отыр» - Ерлан Қарин
ашық дереккөзі
50426
Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин «Qazaqstan» телеарнасына берген сұхбатында қаңтар оқиғасына қатысты пікір білдіріп, жастарды тура жолдан адастыратын криминалды тұлғалар туралы айтты, деп хабарлады turkystan.kz.
«Мына көшедегі кешегі болған жағдайлар бізге үлкен бір ой салуы керек. Қолына қару алып, бір азаматтың екінші азаматқа осылай қару қолдануы қашан болған жағдай?! Бұл радикализмнің себебі неде? Біз осы уақытқа дейін діни радикализм деп келдік. Бізде діни радикализм емес, саяси радикализм, саяси экстремизмнің де белгілері пайда болды. Бұған дер кезінде қазір тосқауыл керек», - деді Ерлан Қарин.
Оның айтуынша, кешегі көшедегі жағдайлардың барлығына үстемдік етіп, ұран салып, адамдарды соңынан ертіп отырған криминалды тұлғалар болған.
«Қай заманнан, қай кезден бастап бізде қоғамда жастарға криминалды тұлғалар көсем болып кетті? Неліктен біздің жастар сол инстаграм мен тик-токта сол азаматтарды еліктейтін тұлға ретінде көріп отыр?! Рас қой. Біз осының барлығын көріп те келдік, айтып та келдік. Бірақ, енді осыны айту, жазу жеткіліксіз шығар. Біздің тарапымыздан белгілі бір қадамдар керек шығар. Біздің жастарымызға мүмкін басқа еліктейтін тұлғалар болуы керек. Біздің осылай теледидар алдында сұхбат құрып отырғанымыз қандай пайда, егер де жастарымыз өздеріне жалған көсемдерді тауып алып, солардың сөздеріне еріп отыратын болса?!» - деді Ерлан Қарин.
Тағы оқи отырыңыз: Алматыдағы 20 мың террористің кімдер екені анықталды

Серіктес жаңалықтары