«Біз азаматтарымыздың табысын арттыруымыз керек» - Тоқаев

«Біз азаматтарымыздың табысын арттыруымыз керек» - Тоқаев

«Біз азаматтарымыздың табысын арттыруымыз керек» - Тоқаев
ашық дереккөзі
50267
Өткен жылы ел экономикасы 4 пайызға өсті. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлады turkystan.kz.
«Өткен жылы ел экономикасы 4 пайызға өсті. Өңдеу өнеркәсібі 5,5, құрылыс индустриясы 7,6 пайызға артты. Қызмет көрсету саласында оң үрдіс бар. Сауда-саттық 9,2, көлік саласы 3,6 пайызға ұлғайды. Дегенмен инфляция деңгейі межеден асып кетті. Бұл көрсеткіш 8,4 пайыз болды. Өкінішке қарай, қаңтар оқиғасы қалыпты өмірімізді түбегейлі өзгертті. Заңсыз әрекеттердің салдарынан көптеген азаматымыз зардап шекті. Шағын және орта бизнес өкілдері шығынға ұшырады», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ ол қазіргі мәліметтер бойынша бизнеске 100 млрд теңгеден астам көлемде залал келгенін атап өтті.
«Жаңа Үкіметтің алдында еліміздің экономикалық әлеуетін толық қалпына келтіру міндеті тұр. Бұл - өте маңызды міндет. Сондықтан оны басымдықтардың бірі ретінде санауымыз қажет. Жоспарланған реформаларды жүзеге асыру және инфляцияны төмендету - басты міндеттердің бірі. Ең бастысы, азаматтарымыздың табысын арттыруымыз қажет»,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Серіктес жаңалықтары