«Әлеуметтік жәрдемақы мен зейнетақыға күн көріп отырғандар көп» - Президент

«Әлеуметтік жәрдемақы мен зейнетақыға күн көріп отырғандар көп» - Президент

«Әлеуметтік жәрдемақы мен зейнетақыға күн көріп отырғандар көп» - Президент
ашық дереккөзі
50222
Мемлекет басшысы орташа жалақы мөлшері өсіп жатыр деген Үкімет есебін көзбояушылыққа теңеді, деп хабарлады turkystan.kz.
«Халықтың табысын арттырып, адамдардың табысы арасындағы алшақтықты азайту керек. Табыс – халықтың әл-ауқатын және ертеңгі күнге сенімін арттырудың басты факторы. Өкінішке қарай, соңғы уақытта халықтың табысы экономиканың жақсаруы есебінен емес, әлеуметтік трансферттер есебінен өсіп отыр», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет отырысында.
Сондай-ақ ол орташа жалақының өсіп жатқаны туралы есеп шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
«Тек әлеуметтік жәрдемақы мен зейнетақыға күн көріп отырғандар көп. Соңғы 5 жылда халықтың жалпы табысындағы еңбек табысының үлесі 80 пайыздан 67 пайызға азайды. Ал әлеуметтік трансферттер 17 пайыздан 29 пайызға дейін өсті. Бұл халықтың табысы жалақыға емес, бюджет қаражатының жұмсалуына тәуелді болып отырғанын аңдатады. Қарызға батқандар мен кедей адамдардың үлесі артып келеді. Бүгінде 1 миллионға жуық адамның табысы ең төменгі күнкөріс деңгейіне де жетпейді. Бұл - соңғы 10 жылдағы ең нашар көрсеткіш. Осыған қарамастан, Үкімет орташа жалақы мөлшері өсіп жатыр деген есеп береді. Бұл – көзбояушылық», - деді Мемлекет басшысы.

Серіктес жаңалықтары