50282
Саакашвили Тбилисидегі сот процесінде Украинаның әнұранын шырқады (ВИДЕО)
Саакашвили Тбилисидегі сот процесінде Украинаның әнұранын шырқады (ВИДЕО)
Сәрсенбі күні Тбилиси қалалық сотында өткен кездесуде Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили Украинаның әнұранын шырқады, деп хабарлады turkystan.kz.
Саакашвили Украина туын алып шыққан. Оның айтуынша, оған украиналық депутаттар жіберген.
Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили мен Арнайы мемлекеттік күзет қызметінің бұрынғы басшысы Теймураз Джанашияға қатысты бюджет қаражатын ірі мөлшерде жымқырды деп айыпталған сот процесі Тбилиси қалалық сотында жүріп жатыр.
Бүгінгі сот отырысында қорғаушылардың айғақтары сарапталады. Атап айтқанда, Арнайы мемлекеттік күзет қызметінің қазіргі басшысы Анзор Чубинидзе куәгер болады.
Прокуратура сотталушыларға бір ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырғанын айыптап отыр. Әңгіме 9 миллион лари (3 миллион доллардан астам) туралы болып отыр.