50383
Еліміздегі қытайлық банктердің жылына қанша табыс табатыны белгілі болды
Еліміздегі қытайлық банктердің жылына қанша табыс табатыны белгілі болды
Қазақстандағы 22 банктің үшеуі қытай банктері: Altyn Bank, Қазақстандағы Қытай банкі және Қытайдың сауда-өнеркәсіп банкі. Қазақстанда қытайлық банктер бір жылда шамамен 34 млрд теңге пайда тапқан, бұл өткен жылмен салыстырғанда 22,4% артық деп хабарлады turkystan.kz ranking.kz-ке сілтеме жасап.
Қытай банктерінің елдегі жиынтық меншікті капиталы 2021 жылдың соңында 173,5 млрд теңге болып, бір жылда 11,6% өсті. Жалпы Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің меншікті капиталының жиынтық көлемі 14,7% немесе 4,5 трлн теңгеге дейін артқан. Елдегі қытайлық еншілес банктердің меншікті капиталының үлесі бір жылда 3,9%-дан 3,8%-ға дейін азайған.
Қазақстандағы 3 қытайлық банктің ең ірісі – Altyn Bank. Оның меншікті капиталының көлемі – 74,4 млрд теңге, бұл 2020 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 3,4% артық.
Банктің акционерлері – China CITIC Bank Corporation Limited (50,1%), China Shuangwei Investment Co., Ltd. (9,9%) және «Қазақстан халық банкі» АҚ (40%). Кейін тізімде Қытайдың сауда-өнеркәсіп банкі тұр: 62,8 млрд теңге, бір жылдағы өсім – 18%.
Банктің меншікті капиталының көлемі – 36,3 млрд теңге, өсім – 19,7%. 2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда Қытай банктері Қазақстанда бір жылда 33,9 млрд теңге пайда тапқан, бұл 2020 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 22,4% артық.
Ең көп пайданы Altyn Bank тапқан: 16,6 млрд теңге. Кейін тізімде Қазақстандағы Қытай банкі (9,1 млрд теңге) және Қытай сауда-өнеркәсіп банкі тұр (8,2 млрд теңге).