Ғаламторды шулатақан есек етіне қатысты даудың басы ашылды

Ғаламторды шулатақан есек етіне қатысты даудың басы ашылды

Ғаламторды шулатақан есек етіне қатысты даудың басы ашылды
ашық дереккөзі
636

Тараздағы жекеменшік балабақшадағы есектің етіне қатысты даудың басы ашылды. Ақпарат құралдарын шулатқан бас есектікі емес, сиырдікі екені анықталды.

Естеріңізде болса, 2 сәуірде әлеуметтік желілерде Тараздағы балабақшалардың біріне малдың тұтас етін әкеліп, қалай бөлгені туралы видео пайда болды. Пікір қалдырғандар оның есектің еті екенін және бұл оқиғаның "Анет-А" жекеменшік балабақшасында болып жатқанын жарыса жазды. Интернет қолданушылары жануар етінің балабақша аумағында антисанитариялық жағдайда бөлініп жатқанына наразылық білдірді. Ал балабақшаның директоры Валентина Исабаева видеоның монтаждалғанын және балабақшаға сиыр етінің әкелінгенін растайтын барлық анықтаманың бар екенін айтты. Ізінше қалалық прокуратура тексеру жұмыстарын бастаған еді. Жүргізілген зертханалық сарамтаманың қорытындысы кеше белгілі болды. «Анет-А" балалақшасына жүргізілген тексерістің нәтижесі бойынша, әкелінген еттің сиырдыкі екені және ірі қара малдың сойылғаны анықталды» – деді Тараздың мемлекеттік бас ветеринарлық-санитарлық инспекторы Асқар Түйтебаев. Инспектор малдың тұтас етін балабақша аумағында бөлудің тәртіп бұзушылыққа жататыны немесе жатпайтыны туралы түсінік беруден бас тартты. "Балабақша аумағында малдың тұтас етін бөлуге қатысты айтатын болсақ, ол біздің құзырет емес. Біз мектепке дейінгі ондай балабақшаларды тексермейміз. Біз істей алатын жалғыз нәрсе – біз ұсыныс ретінде ақпараттық материал дайындап қойдық, онда мұндай өнімді қалай дайындау керегі және қандай жағдайда жіліктеу туралы жазылған, біз оны қала әкімдігіне жолдаймыз», – деді ол.

Серіктес жаңалықтары