50288
Түркістан облысында мектеп қазандығы жарылды
Түркістан облысында мектеп қазандығы жарылды
Түркістан облысында мектептердің бірінде қазандық жарылып, бір адам көз жұмды деп жазды turkystan.kz.
Оқиға бүгін, таңғы сағат 08.24-те Сайрам ауданы, Қайнар Бұлақ ауылындағы Ошақты елді мекенінде болған. Т.Рысқұлов көшесінде орналасқан шағын жинақты орта мектеп аумағындағы көмірмен жағылатын пештің қазандығы жарылған.
Аудандық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Мұхан Баймбетовтің айтуынша, оқиға орнында 1963 жылы туған от жағушы қаза тапқан. Сондай-ақ ғимараттың 20 шаршы метр шатыры мен қабырғаларына зақым келген.
«Оқиға орнына облыстық департаменттің 7 қызметкері мен арнайы 2 техникасы және Полиция департаментінің 8 қызметкері жұмылдырылды. Қазір жарылыстың салдары мен материалдық шығын мөлшері анықталуда», - деді Мұхан Баймбетов.