Маңғыстау тұрғыны XII-XIII ғасырларда соғылған алтын тиындар тапты

Маңғыстау тұрғыны XII-XIII ғасырларда соғылған алтын тиындар тапты

Маңғыстау тұрғыны XII-XIII ғасырларда соғылған алтын тиындар тапты
ашық дереккөзі
1599

Маңғыстаулық азамат алтын және күміс тиындардан тұратын қазына тауып алды, деп хабарлады «Лада». Дереккөздің жазуына қарағанда, алтын тиындар XII ғасырдың аяғы XIII ғасырдың басында Маңғышлақ қаласында соғылған. Ғалым Павел Петров табылған қазынаның хорезмшах династиясындағы Ануштегинидер Ала ад-Дин Текеш пен Мұхаммад ибн Текешке тиесілі екенін анықтады. Өңірлік археолог Андрей Астафьев олжаның табылған орнын қарап, бұл жерде бұрын ежелгі сауда орны болған деген алдын ала болжам айтты. Осындай қазына екінші рет табылып отыр. Ішінде алтын тиындары бар қазына алғаш рет 2014 жылы табылған. Алайда ғалым олардың жалған екенін және қазіргі Өзбекстан аумағында жасалғанын айтып, қате тұжырым жасаған. Алайда екінші табылған қазынаның орнын зерттеу барысында ғалым бастапқы жасаған тұжырымын өзгертіп, алтын тиындардың Мұхаммад ибн Текешке тиесілі екеніне көз жеткізеді. Жалпы табылған қазынаға жүргізілген зерттеудің нәтижесінде Павл Петров әлемнің бірде-бір мұражайында мұндай тиындардың жиынтығы жоқ екенін айтты. Ғалым бұны Қазақстаның ұлттық құндылығы деп атады.

Серіктес жаңалықтары