50517
Президенттің сөзі көпшіліктің көңілінен шықты
Президенттің сөзі көпшіліктің көңілінен шықты
Орталық телеарнада Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев аса мәнді сұхбат беріп, келешекке деген және жастарға бағдар беретін, еліміздің іргесін беріктендіретін тұжырымдарымен бөлісті.
Мен өз басым үлкен қызығушылықпен және зейінмен қарадым. Жастардың бойында және жалпы қоғамда жалқаулықты жою, адал еңбектену, біліктілікті шыңдап, жетістіктерге жету мәселесіне, мейірімділікті дәріптеуге ден қойылды. Қоғамдағы жүйелі проблемаларды шешуге, әсіресе халықтың табысын арттыру басты мақсаттардың бірі ретінде анықталды.
Осымен бірге экономикалық процестерді жетілдіру, әлеуметтік саланы нығайтудың маңызды тұстары ортаға салынды. Әсем Алматымыздың қалпына келтіріліп, гүлдендіру басымдықтары бізді ерекше қуантқандығын атап өткім келеді.
Шынтуайтында, бізде бір Отанымыз бар, ол - Тәуелсіз Қазақстан. Бұл бәрінен қымбат және жоғары құндылық, ақиқат түбі осында. Егемендігімізді нақты еңбекпен көрсетуіміз керек. Қазақстан тағдыры мен жарқын болашағы - қазақ елінің қолында. Осындай тарихи сәтте біз ортақ мақсатқа бірігуіміз ауадай қажет.
Мен мәслихат депутаты және «Nur Otan» фракциясының мүшесі ретінде, денсаулық сақтау саласының өкілі ретінде Президентіміз атап өткен басымдықтарды іске асыруға барынша үлес қосамын. Сіздерді де Қазақстанның өркендеуіне атсалысуға шақырамын.
Дана халқымыз талай қилы заман мен тар жол, тайғақ кешуден аман өтті, бұл орын алған қиындықтарды да бірге еңсеретінімізге күмән жоқ. Тәуелсіз Отанымыздың берекесі арта берсін.
Болат САДЫҚОВ, Алматы қаласы мәслихатының депутаты