50626
Басшылықпен түсінісе алмаған шахтерлар жұмыстан бас тартты
Басшылықпен түсінісе алмаған шахтерлар жұмыстан бас тартты
Күзембаев атындағы шахтада басшылықпен келісе алмаған 12 қызметкер жұмыстан бас тартты деп хабарлады turkystan.kz ҚазТАГ-қа сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, «Углеспецмонтаж» кәсіпорнының жұмысшылары ереуілге шыққан. Олар жұмыс жағдайына, жалақының мөлшеріне, жарамсыз болып қалған арнайы киімдерге және өзге де мәселелерге наразылық танытқан.
Жұмысшылар кеншілердің зейнет жасын төмендету мәселесін де көтерді. Осы орайда «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаменті кәсіпорнының әкімшілігі жағдайға қатысты пікір білдірді.
«Жексенбі, 2022 жылдың 20 ақпанында тау-кен жабдықтарын бөлшектеумен айналысқан УСМ мердігерінің 12 адамы УСМ басшылығымен туындаған даулы мәселелерге байланысты жұмысты орындаудан бас тартты» деп жазылған хабарламада.Бүгінде УСМ басшылығы келіспеушіліктерді шешу бойынша шаралар қабылдауда. «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаментіне қарасты кәсіпорындар, соның ішінде Күзембаев атындағы шахта штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.