332
Депутат Астана қаласына Елбасы Н.Назарбаевтың есімін беруді ұсынды
Депутат Астана қаласына Елбасы Н.Назарбаевтың есімін беруді ұсынды
Депутат Қуаныш Сұлтанов Астана қаласына Елбасы Н.Назарбаевтың есімін беруді ұсынды, деп хабарлайды sputniknews.kz
"Тәуелсіздіктің ұлы жолы мәңгілік естелік болып қалуы тиіс (...). Конституцияда алғашқы президентіміз, ұлт көшбасшысы - Нұрсұлтан Назарбаевтың біздің мемлекетті құрудағы қосқан үлкен үлесін атап өтуді, елбасы есімін астананың және елдің өзге де маңызды нысандарының атауына қосуды ұсынып отырмыз", - деді Сұлтанов. Сондай-ақ, халық қалаулысы "Біздің басты мақсатмыз - елбасының айналасына бірігіп, Мәңгілік ел құндылықтарын нығайту және ұрпағымызға біздің ең қымбаттымыз - Тәуелсіз Қазақстанның болашағын сеніп тапсыру" дейді.
Бүгін парламенттің бірлескен отырысы өтіп жатыр. Парламент мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматуллин күн тәртібінде маңызды тарихи құжаттың қаралатынын, Тәуелсіздік декларациясының маңыздылығына тоқталды. «Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығы декларациясы – өте маңызды тарихи кезеңге арналған құжат. Осы уақыттың ішінде барлық жетістіктер мен табыстар – ең алдымен, Қазақстан тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегінің жемісі. Сонымен бірге, әрқашанда мемлекет басшысына қолдау көрсетіп, тірек болып келе жатқан халқымыздың береке бірлігінің нәтижесі. Сондықтан, парламентте осы тарихи құжатты қарастыру келе жатқан Тәуелсіздік мерейтойының ерекше маңыздылығын көрсетеді», – деп түйіндеді мәжіліс төрағасы.