Программистер Клинтонға берілген дауыстар саны бұрмаланған деп есептейді

Программистер Клинтонға берілген дауыстар саны бұрмаланған деп есептейді

Программистер Клинтонға берілген дауыстар саны бұрмаланған деп есептейді
ашық дереккөзі
235
         Программистер тобы АҚШ президенті сайлауында жеңіліп қалған үміткер Хиллари Клинтонның сайлау штабына күдік тудырған округтердегі сайлаушылар дауысын қайта санап көруді ұсынды, деп хабарлайды CNN телеарнасы. Мамандардың болжамынша, дауыс беру нәтижелері көп ауытқыған үш штатта сайлау жүйесі хакерлік шабуылға ұшырауы немесе манипуляцияға ұшырауы мүмкін. АҚШ-та 8 қараша күні өткен президент сайлауы екісатылы жүйе бойынша өткен еді. Сайлау қорытындысы бойынша 538 дауыстың 290-нын иеленген Дональд Трамп жеңіске жетті. Ал оның қарсыласы Хиллари Клинтон 232 дауысқа ие болды. 16 дауыстың иесі әлі анықталған жоқ. Дереккөздің хабарлауынша, өткен бейсенбіде программистер телефон арқылы Клинтонның сайлау штабының башысы Джон Подесте мен құқықтық мәселелер жөніндегі кеңесшісі Марк Элиасқа хабарласып,  сайлау барысында қырық құбылған үш штат – Висконсин, Мичиган  және Пенсильвания тұрғындарының дауысын қайта санап шығуды талап ету керегін айтқан. Ғалымдардың есептеуі бойынша Клинтон дауыстарды санау процесі қағаз бюллетендер мен оптикалық сканерлер арқылы жүргізілген округтерге қарағанда электронды санақ жүргізілген округтерде 7 пайыз аз дауыс жинаған. Қазіргі таңда сайлаушылардың таңдауы бойынша Клинтон Трамптан 1,27 млн дауысқа алда тұр. Висконсин штатына сайлаушылардың 10 дауысы, Пенсильванияға – 20 дауыс және Мичиган штататына – 16 дауыс тиесілі. Мамандар аталмыш штаттардағы дауыс санау процесі хакерлік шабуылға немесе манипуляцияға ұшырауы мүмкін дегенді алға тартады. Қолдарында ешқандай айғақ болмаса да, олар күдік тудырған нәтижелерді қайта тексеру керек деп есептейді.  

Серіктес жаңалықтары