Кеңес НҰРЛАНОВ, театр және кино актерi: Кинода өз рөлімді әлі тапқаным жоқ

Кеңес НҰРЛАНОВ, театр және кино актерi: Кинода өз рөлімді әлі тапқаным жоқ

Кеңес НҰРЛАНОВ, театр және кино актерi: Кинода өз рөлімді әлі тапқаным жоқ
ашық дереккөзі
50893
Көпшілік театр және кино актерi Кеңес Нұрлановты «Ба­тыр Баян» фильміндегі Ноянның рөлі арқылы жақсы тани­ды. Кейіннен Еркін Рақышевтің «Жетімдер» киносында сом­даған Нұрланның рөлі арқылы тағы есте қалды. Театр мен ки­но саласын қатар алып жүрген майталман қазіргінің режис­сері мен әртісі қалай болуы керек екенін қадап айтып берді. Сон­дай-ақ ол Екінші дүниежүзілік соғыс туралы фильмдерді көп­теп түсіру отандық режиссерлер қаперінде жүрсе екен де­ген тілек айтады. Астанаға көшкелі кинодан алшақтап қалдым Көпшілік режиссер Сламбек Тәуе­келдің «Батыр Баян» филь­мін­дегі Ноян арқылы танылғанымды үне­мі айтады. Ноян – бағыма қарай ма­ған бұйырған мықты кейіпкер. Де­сек те Ноянның рөлін сомдау арқылы ел арасында танымалдығым арта түсті деп айта алмаймын. Бір қызығы, мені ре­жиссер Еркін Рақышевтің «Же­тім­дер» фильміндегі жетім баланың әкесі Нұрланның рөлі арқылы көп таниды. Онда шағын эпизодқа түскенім бар, десе де дүкенде немесе базарда мені кө­ріп қалған халық «Сіз «Жетімдердегі» анау ағай емессіз бе?» деп сұрағанда таң­ғалатынмын. Ал «Батыр Баянның» ха­лық көңілінен шыққаны рас, бірақ кейін «Қап-ай, ә? Мына тұсты басқаша ой­науым керек еді...» дегендей «әт­те­ген-айлар» да аз болған жоқ. Құман аға сомдаған Төлегеннің рөлі бізге мінсіз көрінеді ғой. Бірде Құман ағамен әң­гі­мелесіп отырғанда Төлегенді сом­дауда кеткен кемшіліктерді тізіп, өкі­ніп отырғанын естігенде таңғал­ға­ным бар. Жалпы, киноға түссең өкініш көп болады екен. Театрда бір спек­так­ль­де жіберген қателігіңді екінші қай­та­лап ойнағанда түзеп аласың ғой. Ал кинода олай емес. Дегенмен жылына 5-6 кино ғана түсірілетін Кеңес үкі­меті кезінде біраз киноға, атап айтсам ре­жиссер Аяған Шәжімбайдың «Жан­се­біл», Рүстем Тәжібаевтың «Айдай сұлу Айсұлу» секілді фильмдерге түс­ке­німе қуаныштымын. Бұл туындылар да ел аузында жүрген «Батыр Баян» секілді халықтың сүйіспеншілігіне бө­ленді. Сөздің шыны керек, сол кезде ки­ноға түсуге мүмкіндік көп болды. Қа­зір өкінішке қарай, ондай мүмкіндік аз. Қазір киноның түгелі дерлік Алма­ты­да түсіріледі. Бас қалада жүрген соң он­дағы режиссерлер әртістерді аста­на­дан арнайы шақыра қоймайды. Қан­­ша жерден дарынды өнер иесі бол­са да, олар оның жолы мен үй-жайы­­на артық қаражат жұмсағысы кел­мейді. «Көзден кетсе көңілден кете­ді» демекші, қазір кинодан да, теле­сериалдан да алшақтап қалдым. Ара-тұра осында көшіп келгеніме сол үшін өкініп қаламын. Десе де «Адам­ның басы – Алланың добы» дейді қа­зақ. Мен 2007 жылы өзім жұмыс істеп жүр­ген М.Әуезов атындағы акаде­мия­лық драма театрынан кетемін деп еш ой­лаған емеспін. Онда жұмыс істеу ме­нің басты арманым болатын. Оқу бі­тірген соң сол арманыма қол жет­кі­зіп, театрдың киелі сахнасына шық­қа­ныма мәз болып, қанатыма қанат бі­тіп, дүрілдеп жұмыс істеп жүрген ша­ғымда елордаға кеттім. Астанаға қоныс аударуыма негізгі себеп – сол жыл­дары бас қалада руханият пен мә­дениетке баса назар аудару мәселесі күн тәртібінен түспей, мұны ілгерілету үшін жан-жақтан өнер майталман­да­рын шақырған еді. Сол кезде Нұр-Сұл­тан қаласы әкімінің орынбасары қыз­­­метін атқарған Ермек Аманшаев М.Әуезов театрынан есімі елге белгілі әр­тіс Ғани Құлжанов екеуімізді Қа­ли­бек Қуанышбаев атындағы мем­ле­кет­тік академиялық қазақ музыкалық дра­ма театрына жұмысқа шақырды. Мен бастапқыда бір айдай уақыт ке­лі­сім бермей жүрдім. Бірақ Ермек қол­қалап, тікелей қолғабыс жасаған соң бір күнде астаналық болып шыға кел­дім. Ол кезде Қаллеки театрының ғи­мараты шағын болғанымен, бір шаңы­рақ астында кілең дарынды қыз-жігіт­тердің жұмыс істеп жатқаны қуант­ты. Біз барғанда ешкім де жатыр­қа­май, жатсынбай, шама-шарқымыз жет­кенше осындағы руханияттың өр­кендеуіне атсалыстық. Сол абы­рой­мен бастаған жұмысымызға «қылау» түсір­мей, қазірге дейін осындағы қазақ өнерінің, қазақ театрының оты өшпеуі үшін аянбай жұмыс істеп келе­міз. Өнерде атқарған көп жылғы еңбе­гімді елеп-ескерген министрліктегілер «Қазақстанның Еңбек сіңірген қайрат­кері» марапатына лайық деп таныды.  width=Үнемі жағымды рөлдерді сомдай берсең, бір орында тұрып қаласың Бастапқыда мен тек жағымды кейіп­керлердің рөлінде ойнап жүрдім. Осыны байқаған замандасым, жур­налист Бауыржан Омаров «Жа­ғым­ды кейіпкер» деп мақала жазғаны бар. Газетті жастанып оқитын оқыр­ман­ға жас әртіс ретінде сол Бауыржан та­ныстырған еді. Кім болса да жағым­ды рөлді сомдап, жақсы жағынан та­ныл­ғысы келеді, дегенмен әртістің қор­жынында әртүрлі мінездегі кейіп­кер­лер болғаны абзал. Әйтпесе, бір орында тежеліп, болмысыңды өзгерту қиынға соғады. Осы ретте мені басқа қырынан танытқан режиссер Есмұхан Обаев ағамызға алғыс айтқым келеді. Театрда бізді үнемі қадағалап, бақылап жүрген ол бірде мені «Айман-Шолпан» спек­таклінде Көтібар батырдың қа­сын­да айқайға басып жүретін Қор­тық шалдың рөліне бекітті. Оған дейін сах­нада тек жағымды сипатты «сурет­теп» келген мен ә дегенде мұны ойнап шығуға жүрексіндім. Бірақ мұным бе­кер екен, себебі сол рөлім өте сәтті шық­ты. Осыдан кейін өзімді «сын­ды­рып», әрі жағымды әрі жағымсыз кейіп­керлерді кезек-кезекпен сомдай бердім. Осы ретте көңілге түйген бір нәрсемді айта кетейін: бізде режис­сер­лер «Мына рөл анау әртістің фак­тура­сы мен мінез-құлқына сай келеді» деген­ді алға тартады. Бұл – дұрыс емес. Олар керісінше, әртістің болмысына жат, мінез-құлқына қарама-қайшы рөлдерді ұсынуға тиіс. Сол кезде әртіс өседі, шыңдалады. Басқа қырынан та­нылу арқылы болмысы да өзгереді. Әйт­пегенде, табиғатына сәйкес келе­тін рөлдерді ғана сомдайтын болса, жеңіл­дің астымен, ауырдың үстімен жүріп, ізденіске түспей, тұралап қала­ды. Осы уақытқа дейін «Ана рөлді мен ойнауым керек еді» деп өкін­ген кездерім болған емес. Көп рөл­де ойнадым, тіпті әртістердің ар­ман­дап жүрген рөлдерін сомдап шық­тым. Барлығы бірдей шедевр болмаса да, ауыз толтырып айтатындай мықты рөл­дерді алып шықтым. Бұған айтар уә­жім жоқ. Бірақ рөлсіз қалған әріп­тестерімнің мәселесін бейжай қал­дыр­маймын. Көп режиссер, әсіресе әйел әртістерді елемейді, одан да жұмысқа жастарды жұмылдырғанды жөн са­найды. Біздің буынға кіретін әйел әртістер 1-2 рөлмен ғана шектеледі. Олар­мен жақын араласып, сырласып жүр­гендіктен, мұның барлығы кө­кейім­де сайрап тұрады. Содан соң мұ­ны қажет кезде айтып қаламын. Десе де бұл – әр театрда туындайтын мә­селе. Өзін жан-жақты дамытып жүр­ген жастардың талантын жоққа шы­ғармаймын, десе де, басшылар жас­тармен қатар, ересектерді елеп-ес­керуге бағытталған жұмыс атқаруға тиіс. Әркім тарихты өзінен бастамауы керек. Театрдан көрермендер санының үзілмеуі, театр «іргесінің» мық­ты болуы режиссерге байланысты. Қай театр­да жақсы режиссер болса, сол театрдың бағы басым. Біз 50-70-жыл­дар­дағы режиссерлік көзқараспен жүре бермеуіміз керек. Арамызда «тәй-тәй­лап» жүрген жас режиссер көп. Оның бір-екеуі біздің театрдың сах­насында спектакль қойды. Елдегі театр өнері құлдырады деуге келмейді, бар­лығын таң-тамаша еткен спек­такль­дер бар, сондай-ақ ортақол дү­ние­лер де бар. Деңгейі тым төмен спек­такльдер де жоқ емес. Режиссерді ха­лық тәрбиелейді дейміз, сонымен қа­тар осы тақырыпта жиі көтеретін сын­шылар да бар. Дегенмен қазіргінің режиссері бір орында қатып қалмай, рухани баюы қажет. Мейлі, ол мұхит асып оқып келсін я болмаса басқа елдің театрындағы әріптестерімен байланыс орнатсын, бастысы – дамыл таппай, іздене түссе болғаны. Тағы бір айтайын дегенім, көп режиссердің жұмысында спектакльдің формасы табылуы мүмкін, ал бірақ әртістік өнер тасада қалып қояды. Көрермен театр­ға тұтас спектакль көру үшін ғана емес, белгілі бір әртістің өнерін тама­шалау үшін де келуі қажет. Театр­дан шыққан соң басқаларға «Анау әртістің өнерін барып көріңіздерші. Шебер ойнайды!» деп айтса, бағы жан­ған туынды деп соны айту керек. Мәс­кеу театрларында көрермен әртістің қа­лай ойнағанын көру үшін ғана ке­ле­ді. Бұл – бұрыннан бар «әдет». Бізде де осыны әдетке айналдыру қажет. Кейбір әртістердің бағы алпыстан соң жанды Менде бір ғана өкініш бар. Мен ки­нода өз рөлімді әлі тапқа­ным жоқ. Болашақта бір үлкен рөл бұйырады-ау, алда небір қызық рөлдер сомдаймын-ау деген үмітте жүрмін. Алпысқа тақап қалсам да, әлі күдерімді үз­беймін. Бізді алға жетелейтін – сенім мен үміт. Ересек жаста болсаң да, үміт ешқашан өшпеуге тиіс. Ақтық демің қалғанша үміттену керек, менде де сондай үміт бар. Кейбір әртістің бағы 60 жастан соң жанады. Бұған дейін киноға түспеген әртістер 65-тен асқан соң көгілдір экранда жарқылдап шыға келеді. Сол секілді мен де бір рөлдің қанатынан мықтап ұстаймын деп ойлаймын. «Осы рөлді ойнап шық­сам ғой» дейтіндей қиялымда өмір сүретін нақты кейіпкер жоқ. Бірақ бұрынырақта әскери адамның рөлін ойнағым келетін. Бізде Екінші дүниежүзілік соғысы туралы фильм­дер жоқтың қасы. Ал орыстар осы туралы киноны көптеп түсіреді. Сол кино­ларды көрсең, түркі халықтары­ның талайының өмірін жалмап әкет­кен сол соғысқа өздері ғана қатысып, өздері ғана құрбан болған секілді көрі­неді. Алдағы уақытта кімді болса да елең еткізетін осы ауыр тақырып тура­лы туындылар саны көбейеді де­ген сенімдемін. Біраз телесериалдарда рөлдерге келісіп тұрған жерден бас тарт­қан кездерім болды. Олар рөлге бекі­тіп алған соң, еңбегіңді ақтамайтын тым аз қаражат ғана ұсына алатынын айтады. Мұндайда «Өнер үшін!» деп, жасалған жағдайға көз жұма салуға болар еді. Бірақ кеудеде намыс қайнап тұрған соң, олар оны таптап тұрғандай күй кешесің. Кейде режиссерлер ки­но­сына тегін түскеніңді қалайды. Олар «Аға, бізге осы рөлді былай-ақ сом­дап беріңізші, жағдайымыз осын­дай болып тұр» десе, тегін түсуге бар­мын. Бірақ көп жағдайда режиссерлер қолына қаражат түссе болғаны, оны талан-таражға салып, қолды қылады. Осының барлығын бақылап жүрген соң, кино өнерін сауда-саттыққа ай­нал­дырғанына қарның ашады. Ақиық ақын Мұқағали: «Бәрін де көрдіңіздер, Бәріне көндіңіздер, Бәріне сендіңіздер, Бәрін не бердіңіздер, Сіздер алпысқа келдіңіздер...» деп ал­пыс жасты армандап кеткен ғой. Та­лайлар жетпеген алпысқа сен жет­кен соң, шүкір дейсің. Әртістің өмірін­де қуаныш та, қайғы да, бақыт пен қасірет те бар. Оған шыдас берсең, шы­­­найы актер болғаның. Ал морт үзіліп қалсаң, басқа жол іздегенің жөн. Сахна еркелікті көтермейді. Негізі, сахнада ән айтып, би билеп, көңіл күй сыйлап жүрген соң көпшілік сахнадан тыс та бізде ырду-дырду өмір, ойын мен күлкіге қарық болып жүр деп ойласа керек. Ал бірақ әртіспен жақын танысып, мұң-мұқтажын тыңдаған соң шыдамдылығына қайран қалып, ба­сын шайқайтындар бар. Кейде жур­налистердің әртістерден «Балаңыздың сіз секілді өнер иесі болғанын қалай­сыз ба?» деп сұрап жатқанын естіп қала­мын. Сондай кезде әріптестерім «Жоқ, қаламаймын, басқа мамандықты таңдайды» деп үзілді-кесілді жауап береді. Біз өмір соққысын есепке ал­мағанда сомдап шыққан рөлімізді жүрек­тен өткізіп, соңында әлсіреп қала­мыз. Жүрекке салмақ түседі. «Ән айт­саң, жаныңды жеп айтасың» деген­дей, бізден рөлді шын беріліп ойнап шығу талап етіледі. Сол себепті әртіс болу біреуге арман болғанымен, оңай емес.

Жазып алған Әлия ТІЛЕУЖАНҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары