Соғыс қимылдары кезінде әлемдегі ең ірі жүк ұшағы жойылды

Соғыс қимылдары кезінде әлемдегі ең ірі жүк ұшағы жойылды

Соғыс қимылдары кезінде әлемдегі ең ірі жүк ұшағы жойылды
ашық дереккөзі
50295
Украина қорғаныс өнеркәсібінің ресми сайтында қақтығыстар кезінде әлемдегі ең ірі жүк ұшақ саналатын Ан-225 «Мрияның» жойылғаны туралы хабарлама пайда болды деп жазды turkystan.kz. «Мрия» Гостомель әуежайында жөнделіп жатқан болатын. Сондықтан уақтында қауіпті аймақтан ұшып кете алмаған. Сөйтіп, ұрыс кезінде жойылған. Сондай-ақ әлемдегі ең ірі жүк әуе кемесін жөндеу 3 миллиард долларға жетуі мүмкін. Украина тарапы бұл шығындарды Ресейдің өз мойнына алуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынын мәлімдеді. Айта кетсек, 6 орындық ұшақтың ұзындығы –  84 метр, салмағы 285 тонна, құны – 250 миллион АҚШ доллары.

Серіктес жаңалықтары