50235
Облыстық мәслихат депутаты ақша жымқырды деген күдікке ілінді
Облыстық мәслихат депутаты ақша жымқырды деген күдікке ілінді
Аймақтағы ең ірі университеттің басшысы, қоғам қайраткері, Қостанай облыстық мәслихатының депутаты Алма Дощанова қызметтік бабын пайдаланып ақша жымқырды деген күдікке ілінді деп хабарлады turkystan.kz time.kz-ке сілтеме жасап.
Дәл қазір мәселенің ақ-қарасын ажырату қиын болып тұр. Себебі университет ректоры еңбек демалысына кеткен. Ал Антикор өкілдері тергеу барысы туралы ақпарат тек прокурордың рұқсатымен ғана берілетінін айтты. Ректордың қызметтік міндеті проректор Ербол Исакаевке жүктелген.
Айта кетсек, әлеуметтік желіде белсенді ректордың фейсбук парақшасы 25 ақпаннан бері жаңармаған.
Тағы оқи отырыңыз: Полиция ұлтаралық араздықты қоздырған қостанайлыққа қатысты түсініктеме берді