50349
8 Олимпиадаға қатысқан өзбекстандық гимнастшы 46 жасында алтын медальді жеңіп алды (ВИДЕО)
8 Олимпиадаға қатысқан өзбекстандық гимнастшы 46 жасында алтын медальді жеңіп алды (ВИДЕО)
Өзбекстандық гимнастшы Оксана Чусавитина спорттық гимнастикадан Катардың Доха қаласында өткен әлем кубогында жеңімпаз атанды деп хабарлады turkystan.kz.
Ол - дүниежүзі бойынша 8 Олимпия ойындарына (1992, 1996, 2000, 2004, 2008, 2012, 2016, 2020) қатысқан жалғыз спортшы. 1992 жылы Испанияның Барселона қаласында өткен Олимпиаданың чемпионы атанған. Бұдан кейін үш рет әлем чемпионы, Еуропа және Азия ойындарының чемпионы атағын жеңіп алған.
Оксана Чусавитина 1975 жылы Өзбекстанның Бұхара қаласында туған. 1989 жылы алғашқы жарысына қатысып, екі жылдан кейін 1991 жылы КСРО Еңбек сіңірген спорт шебері атағын алған.
2016 жылы Олимпия ойындарына көп рет қатысқаны үшін Гиннестің рекордтар кітабына енген.