Бұл көш бұрынғы көштен өзгерек болмақ

Бұл көш бұрынғы көштен өзгерек болмақ

Бұл көш бұрынғы көштен өзгерек болмақ
ашық дереккөзі
790
Өткен ғасырдың соңында басталған урбанизация толқыны ел халқын ірі қалалар төңірегіне топтастыра түсті. Орталықтан шалғай кейбір өңірлерде тұрғындар саны күрт төмендеп, елді ме­кен­дер бір-біріне қосылуға мәжбүр бол­ған мысал көп кездеседі. Жергілікті тұр­ғын­дардың күн санап азая бастауы сол­түс­тік өңірдегі облыстар үшін ең күрделі мә­селеге айналып келеді. Осы бір түйткіл­дің түйінін тарқату үшін мемлекет 2015 жыл­дан бастап халқы тығыз орналасқан об­лыстардан азаматтарды ерікті түрде сол­түстікке қоныстандыруды ұйымдас­тыра бастады. Демографиясы шатқаяқ­тап, тұрғындар саны жыл сайын кеміп отыр­ған Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Пав­лодар, Шығыс Қазақстан облыстары. Өткен жылғы есеп бойын­ша, жоғарыда аталған өңір­лерге осы уақытқа дейін бар­лығы 26 мыңға жуық адам кө­шіп келген. 2017 жылдан бері ке­ле жатқан мемлекеттік бағ­дар­ла­маның бұл нәтижесі мақтауға тұ­рарлық деңгейде еместігін атап өтуге тиіспіз. Мемлекет бо­ла­шағы үшін аса маңызды ішкі кө­ші-қонның осы түрін Пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқаев та тұрақ­ты түрде бақылауға алып ке­леді. Бұл үрдісті жеделдете тү­су мақсатында Мемлекет бас­шы­сы көшіп келгендерге төленетін бірреттік жәрдемақыны 2 есеге дейін өсіру жөнінде 2020 жылы Үкіметке тапсырма берді. Қазір қоныс аударушы әрбір азаматқа төленетін бірреттік жәрдемақы 70 АЕК-ке (214 410 теңге) тең. Со­ны­мен қатар көшіп келген тұр­ғындардың үй жалдап тұру шы­ғындарына бір жыл бойы 15-тен 30 АЕК мөлшерінде қар­жы төленеді. Мемлекет тара­пы­нан бөлінетін қаржылық көмек аза­маттардың бұл өңірге жаппай көшіп келуіне негізгі себеп бол­ма­ғанымен, белгілі мөлшерде ын­таландырушы тетік екені рас. Үкі­мет солтүстік өңірлерге қо­ныс аударушыларды баспанамен қамту бағдарламаларын да қарас­тырып отыр. Жергілікті әкімшілік әрбір көшіп келген аза­матқа жұмыс тауып берудің жол­дарын қарастырады. Ішкі көші-қон – елдің еңбек нарығын реттеп, жұмыссыз азаматтардың қатарын азайту мақсатында алдағы уақытта да күн тәртібінен түспек емес. Ең­бек және халықты әлеуметтік қор­ғау министрлігінің жоспары бойын­ша, 2021-2025 жылдар ара­лы­ғында 10 мыңнан астам жұ­мыс күшін солтүстік өңірге ба­ғыт­тауды мақсат етіп отыр. Жауап­ты ведомство есебі бойын­ша, бұл – еліміздегі жұмыссыздық көрсеткішін 4,9 пайызға дейін азайтады. Жалпы, ішкі көші-қон – ел­дің еңбек нарығы мен мемлекеттің географиялық ау­­­қымын тиімді әрі тұрақты да­мы­туда шешуші рөл атқаратын маңыз­ды мәселе. Көршілер ара­сын­дағы соңғы оқиғаларға қа­рай отырып, солтүстіктің демог­ра­фиялық мәселесі күн өткен сайын өзекті тақырыпқа айна­ла­рын сезіп отырмыз. Сондық­тан да ішкі көш-қондағы түйт­кіл­ді мәселелер ақпарат құрал­дары бетінде үздіксіз талқыла­на­тын тақырыптар қатарында бо­лары заңды. Жалпылама алып қара­ған­да, солтүстікке көш жөнінде БАҚ бетінде әртүрлі алып­қашпа ақпарат көп. Келген адам­дардың кері қайтып кет­ке­ні, жұмыс таппағаны жайлы ай­тылып жүр. Сонымен қатар бұл жаққа келіп, кәсіп ашып не­месе өз саласы бойынша жұмыс тап­қан адамдар мыңдап сана­лады. Біз көшіп келушілердің нақты жағдайынан хабар алу мақ­сатында Солтүстік Қазақстан об­лысы Шал ақын ауданына кө­шіп келген Бурахан Дақанов де­ген азаматқа хабарластық. Ол – осы өңірді қазаққа толтырсақ деп аттандап жүрген қоғам бел­сен­дісі. Көшіп келушілерге қан­дай жағдай, қандай бағдарлама қажеттігі жөнінде тұрақты түрде пі­кірін айтып келеді. Оның ойын­­­ша, бұл көшті қарқынды жүр­­гізу үшін жеке құзыреттілігі бар арнайы орталық қажет.  width= Бурахан Дақанов, СҚО-ға қоныс аударушы, қоғам белсендісі: Ұлттық деңгейдегі ауқымды бағдарлама қажет
– Солтүстік өңірге көшуге бай­­ла­ныс­ты үгіп-насихат жұ­мыс­тары баяу жүріп жа­тыр. Мә­­­­селен, солтүстікке көш жө­нін­дегі «Еңбек» бағдарламасын әлі күнге дейін естімеген адамдар бар. Ал сосын кө­ші-қон төңіре­гін­дегі көлеңкелі оқиғалар жиі айтылады да күң­гей беті дұрыс кө­р­сетілмей қалады. Мұндай оқи­ғалар көштің баяу қозға­луы­на себепші болады. Бұл жаққа келушілер қа­лай­да ұлт жанашыры болу­ға міндетті емес. Әркім өз с­а­ласы бойынша еңбек етіп, өсе­мін, өнемін деп келсе жеткілікті. Сол­түстік облыстарда адам саны аз. Бірақ жері – өте құнарлы. Мін­дет­ті түрде мемлекет берген қар­жыға алақан жая бермей, мал өсіріп, егіншілікпен айналысып, бай-қуатты боламын деген адам­дарға мүмкіндік мол. Егер осы өңірге қандай да бір мал шаруа­шы­лығымен айналысатын кәсіп­кер келетін болса, ол осы өңірде бә­секелестікті арттырады. Бәсеке бол­ған жерде еңбектің құны ар­тады. Ал мұнда қоныс аударғысы ке­летін адам мемлекет беретін қар­жылық көмекке бола көшіп кел­се, ол – дұрыс емес. Бұл жаққа көш­­кен адам мүмкіндігінше ал­дына қойған өмірлік ірі мақсаты бар адамдар болса, тіпті дұрыс бо­лар еді. Егер кәсіптің көзін біле­тін адам болса ол мемлекет беретін қаржыға да қарамас еді. Жал­­пы, мемлекеттің солтүстік өңір­лерге көшті бастауы бұл бір қатардағы шаруа емес, бұл – ерек­ше маңызы бар тарихи оқи­ға. Бұл істің астарында ұлттық қауіп­­сіздікке қатысты, эко­но­ми­каға қа­тысты, әлеуметтік мәсе­ле­ге қатысты көптеген өзекті та­қырып жа­тыр. Сондықтан да кө­ші-қонға байланысты бағ­дар­ла­ма толық­қанды, кешенді үлгі­де болу керек. Біз бұл салаға ар­нал­ған жұ­мысты 5 жыл немесе 3 жылда түбегейлі орындай ал­май­мыз. Сол­­­­түстікке арналған көш­тің бағдарламасы ұлттық дең­гей­дегі ауқымды бағдарлама болуы қажет. Дәл қазіргі оқи­ға­ларға қарап бұл көштің маңызын халықтың бәрі түсінеді деп ой­лаймын. Егер бұл көш арқылы нәтижеге жетеміз десек, әртүрлі ми­нистр­ліктердегі құзы­рет­тік­терді белгілі бір іргелі ұйымның аясына шоғырландырған абзал. Ондай ұйым тікелей Прези­дент­ке немесе Үкімет басшысына қарас­ты болуы қажет. Сол кезде ол ұйымның құзыреті де, жауап­кершілгі де артады. Мұндай жағ­дайда көші-қон төңірегінде жүр­ген ұсақ-түйек кем-кетіктің кө­бісі жойылар еді. Со­сын әрі қа­рай жұмыс та ауқымды түрде іс­ке аса бастайды.

Серіктес жаңалықтары