50309
«Қытай Ресейге әскери көмек жібереді»: ҚХР ақпаратқа пікір білдірді
«Қытай Ресейге әскери көмек жібереді»: ҚХР ақпаратқа пікір білдірді
ҚХР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Чжао Лицзян Ресейдің Украинада арнайы операция өткізуіне байланысты әскери көмек сұрағаны туралы хабарламалар жалған екенін айтты деп хабарлады turkystan.kz tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Саясаткер АҚШ кейінгі уақытта Қытайдың Украина мәселесіне қатысты ұстанымы туралы осындай жалған ақпаратты белсенді түрде тарата бастағанын атап өтті.
«Америка тарапы таратқан тиісті хабарламалар - жалған», - деді Қытай СІМ өкілі.Сондай-ақ ол Қытай қос тараптың бейбіт келіссөздері мен Украинадағы шиеленістің тоқтатылуын қолдайтынын атап өтті.
«Шиеленістің одан әрі ушығуын емес, дипломатиялық жағынан реттеуге ықпал етуіміз керек», - деп толықтырды Чжао Лицзян.Жақында Finanсial Times, New York Times және The Washington Post секілді шет ел басылымдары АҚШ Үкіметіндегі аты аталмаған дереккөздерге сілтеме жасап, Ресей билігі Украинадағы әскери шабуылға және экономикалық санкциялардың салдарына қарсы тұру үшін Қытайдан әскери және экономикалық көмек сұрағанын хабарлаған еді. Америкалық басылым дереккөздері Мәскеу Украинамен арадағы соғыс басталғаннан бері Бейжіңнен әскери техника мен басқа да көмек сұрағанын мәлімдеді. Ft деректері бойынша, соғыстың үшінші аптасының ортасында Ресейде қарудың кейбір түрі таусылуы мүмкін.