321
Samsung компьютерлік бизнесін Lenovo-ға сатпақ
Samsung компьютерлік бизнесін Lenovo-ға сатпақ
Samsung компаниясы компьютерлік бизнесін сату мүмкіндіктерін қарастыруда. SamMobile сайтының мәліметінше, Galaxy смартфондарын өндіруші дербес компьютер өндірісін кеңейткісі келетін қытайлық Lenovo компаниясмымен бірнеше айдан бері келіссөздер жүргізіп келеді.
Сарапшылар сатылым құнын 1 триллион вонға (850 миллин доллар шамасында) бағалап отыр. Әзірге ешқандай келісімшартқа қол қойылмаған, талқылаулар әлі де жүріп жатыр.
Samsung компаниясы жуырда ұжымдық қайта құрылымдаудан өткен болатын. Потенциалы жоғары бизнеске басымдық беріп, табысы аз салаларды қысқарту жұмыстары жүргізілуде. Соның нәтижесінде компания штаты 3000 адамға қысқаратыны және принтерлер өндірісін HP-ге 1,05 миллиард долларға сатылатыны хабарланды.
Сала мамандары Samsung-тің бұл қадамын басып шығару және көшіру құрылғыларының жаһандық нарықтағы сатылымының азаюымен түсіндірді. Принтерлер саудасы бұрынғыдан күрт төмендеген. Дербес компьютерлерге деген сұраныс та жыл өткен сайын азайып барады. Сондықтан корейлік компания бұл саланы басым бағыттардың тізімінен шығармақ.