А.Мұхамедиұлы: Фейсбуктағы пікірлерді өз бақылауыма алдым

А.Мұхамедиұлы: Фейсбуктағы пікірлерді өз бақылауыма алдым

А.Мұхамедиұлы: Фейсбуктағы пікірлерді өз бақылауыма алдым
ашық дереккөзі
367

         26 қарашада Фейсбук әлеуметтік желісіне тіркелген ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы жеке парақшасын өзі жүргізетінін мәлімдеді. Ол желі қолданушыларын балағат сөздер жазудан аулақ болуға, жеке басқа тіл тигізбеуге шақырды.

         «Қадірлі достар! Біріншіден, Сіздерге парақшада жазылған ауқымды пікірлеріңіз үшін алғысымды айтамын. Әлеуметтік желіге шығу туралы шешім қабылдау кезінде түрлі ой-пікір болатынын болжаған едім. Менің ойымша, әрбір адам өзінің көзқарасына құқылы. Осында кейбір пікір білдірушілер парақшада конструктивті ұсыныс жасамастан тек сынап жүрген авторлардың пікірлерін өшіріп тастауға кеңес берген болатын. Менің ойыма қарама-қарсы болса да, көзқарасы үшін адамдарға құрметпен қараймын, алайда балағат сөздер мен тіл тигізу секілді әрекеттер жағымсыз. Атап айтқанда, барынша ашық болуға, өзіме немесе басқарып отырған министрлікке қатысты ұсыныстар мен сындарыңызға жауап қайтаруға уәде етемін»,-деп жазады А. Мұхамедиұлы.

         Сонымен қатар ол хабарламаларға жауап бермесе және Фейсбукте достыққа ұсыныстарды қабылдап үлгермей жатса, онда осы жайттарға түсіністікпен қарауға шақырды. «Сіздердің сұрақтарыңызды ескере отырып, аккаунтымды жеке өзім жүргізіп отырғанымды және бұл мен үшін алғашқы тәжірибе екенін нақтылағым келеді. Бүгін мен барлық пікірлерді оқып шықтым, алдағы постымда оларға жауап беруге тырысамын», –  деп атап өткен министр парақшасында.

Серіктес жаңалықтары