Б.Байбек қаланы қардан тазартпаған басқарма басшысын қызметінен босатты

Б.Байбек қаланы қардан тазартпаған басқарма басшысын қызметінен босатты

Б.Байбек қаланы қардан тазартпаған басқарма басшысын қызметінен босатты
ашық дереккөзі
228
Бүгін Алматы әкімі Бауыржан Байбек қаланы қардан дер кезінде тазартып үлгермеген шенділердің жұмысын сынға алды. Жиналыс қорытындысы бойынша Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Эльдар Кильдибаев қызметінен босатылды. Бұл туралы деп Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлады. Қала әкімінің басшылығымен өткен жиынға аудан әкімдері, басқарма басшылары мен қалалық коммуналдық қызметтегілер қатысқан. Алматыдағы қар тазалау жұмыстарының нәтижесін талқылаған жиында Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының жұмысы нашар деп бағаланған. Нәтижесінде Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Эльдар Кильдибаев қызметінен босатылды. "Біз былай деп айтамыз: Алматы - адам тұратын қала, алайда жолдар, қиылыстар әлі күнге дейін тазаланбаған. Тұрғындардың жайлы жағдай жасау керек. Қоғамдық көлік қатынайтын жолдарды тазалау керек", - деді Бауыржан Байбек.Алматы әкімі аудан әкімдіктегілеріне, сондай-ақ, қаладағы барлық қызмет өкілдеріне қар жауған кезде осындай жағдай қайталанбас үшін қажетті шараларды ойластырып қоюын қатаң ескертті.  

Серіктес жаңалықтары