Экстремистік мазмұндағы материалдарды таратқан қызылордалық сотталды

Экстремистік мазмұндағы материалдарды таратқан қызылордалық сотталды

Экстремистік мазмұндағы материалдарды таратқан қызылордалық сотталды
ашық дереккөзі
50466
Қызылорда облысында әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде экстремистік мазмұндағы материалдарды насихаттаған ер адам 3 жылға сотталды деп жазды turkystan.kz. Қызылорда облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы мен ҰҚК Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері бірлескен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде ел аумағында сотпен тыйым салынған «Хизб-ут-Тахрир» діни экстремистік ұйымын жақтайтын облыс тұрғыны қолға түсті. Облыстың 40 жастағы тұрғынының әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде өзімен сұхбаттасушыларға экстремистік мазмұндағы материалдарды насихаттағаны анықталды. Күдіктінің іс-әрекетінде құқықбұзушылықтың белгілері байқалған.
«Күдіктіге қатысты облыстық Полиция департаменті тарапынан ҚР Қылмыстық кодексі 405-бабының 1-бөлігімен тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілді. Онда қоғамдық немесе дiни бiрлестiкке не өзге де ұйымға қатысты олардың экстремизмдi немесе терроризмді жүзеге асыруына байланысты қызметiне тыйым салу немесе тарату туралы заңды күшiне енген сот шешiмi бола тұра, олардың қызметiн ұйымдастыру жағдайы көрсетілген. Сот үкімімен ол кінәлі деп танылды. Оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - деп мәлімдеді облыстық ПД баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары