50291
«Путин жақын арада қаза табады» - эксперт-нумеролог
«Путин жақын арада қаза табады» - эксперт-нумеролог
Украиналық нумеролог Владислав Грицай Ресей президенті Владимир Путиннің қастандықтың құрбаны болатынын айтты деп хабарлады turkystan.kz. «Украина 24» телеарнасына сілтеме жасап.
«Путиннің туған күні датасының нумерологиялық анализі соны көрсетіп тұр. Оны жақын адамдарының бірі сатып кетеді. Сатқын адам қорғаныс министрі Сергей Шойгу болуы мүмкін», - деді нумеролог.Ол Кремльдегі заговор мен төңкеріс осы айдың соңында болатынын ескертті.
«Бәрі Путиннің туған күнінен шығып тұр. Туған күні цифрларында екі жетілігі бар адамдар (Путин айдың 7-інде туған, ал оның туған жылының қосындысы да жеті болып тұр – 7.10.1952) көбінесе өмірлерін шизофрениямен ауырып өткізеді. Путиннен сондай аурудың бар екенін көріп отырмын», – деді Грицай.Оның айтуынша, төңкеріс осы айдың соңында әуелі Беларусьте басталып, Ресейде жалғасады.
«Минск тағы көтеріледі. Өйткені, халық Лукашенконың саясатына наразы. Сол кезде бір генерал саботаж жасайды. Сосын Санкт-Петербург көтеріледі. Оған Сібірдің бір қаласы қосылады. Сөйтіп, айналып келіп, көтеріліс Мәскеуге жетеді. Көтерілісті Путинге жақын жүрген адамдар бастайды. Олардың бірі әскери қолбасшы, екіншісі саясаткер немесе бизнесмен болады», – деді ол.Сөзінің соңында ол Украинадағы соғыстың сәуірдің 20-на қарай бітетінін айтты. Ресейлік белгілі астролог әрі экстрасенс Макс Гордеев те Путиннің қаза табатынын мәлімдеді.
«Ол кісі қолынан емес, айықпас ауру салдарынан өмірімен қоштасады. Путиннің жаны тәтті. Суицидке бармайды. Өз ажалымен кетеді», - деді астролог.