Қазақстанға ресейліктер көптеп көшіп келуде

Қазақстанға ресейліктер көптеп көшіп келуде

Қазақстанға ресейліктер көптеп көшіп келуде
ашық дереккөзі
50273
Жыл басынан бері Қазақстанға 6 мыңнан астам ресейлік жұмыс бабымен көшіп келді деп жазды turkystan.kz.
«Бүгінде Қазақстанда 101 мыңнан астам ресейлік бар. Олардың 6350-і жұмыс бабымен келген», – деп мәлімдеді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов.
Айта кетсек, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ішкі істер министрлігімен бірлесе отырып, елге келетін және шығатын азаматтарды ҰҚК Шекара қызметі арқылы бақылап отырады. 2020 жылы Қазақстанға 18 800 ресейлік келген.
«Яғни, әзірге ресейліктердің айтарлықтай ағыны байқалмайды. Жұмыспен келгендерге байланысты», – деп нақтылады вице-министр.
Оның айтуынша, қазақстандықтар шетелдіктер өздерінің жұмыс орындарын тартып алуы мүмкін деп қорқады. Дегенмен ол шетелдік мамандардың келуінен жақсы бастамаларды да байқаған.
«Бізге ол жақтан жоғары білікті мамандар келеді. ICRIAP бастамасымен ірі IT-компаниялар Қазақстанға келуде. Бұл - білім импорты, құзыреттілік импорты. Бұдан неге қорқамыз?» – деді Ержан Біржанов.
Вице-министр білікті мамандардың қазақстандықтарға жұмыс істеуді үйрететінінен немесе осы жерден қосымша жұмыс орындарын ашып, бюджетке салық төлейтінінен де артықшылық көріп отыр.
«Келушілер консалтингке, IT-салаға, IT-шешімдерді әзірлеуге, ақпараттық қауіпсіздікке көбірек көңіл бөледі. Менің ойымша, бұл, керісінше, еліміздің дамуына оң әсерін тигізеді, жаңа жобалар тезірек жүзеге асуы мүмкін», – деді ол.
Сондай-ақ елімізге келетін басқа мемлекет азаматтарының саны, сондай-ақ олардың келу мақсаты бақылауда ұсталатынын атап өтті.

Серіктес жаңалықтары