50312
Павлодарда сот үкімін естіген экс-шенеунік жылап жіберді (ВИДЕО)
Павлодарда сот үкімін естіген экс-шенеунік жылап жіберді (ВИДЕО)
Павлодардағы отбасы үлгісіндегі балалар ауылының 54 жастағы экс-директоры бүгін қаржы жымқырғаны үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылды деп жазды turkystan.kz.
Онымен бірге тағы бір кәсіпкер колонияға аталған мерзімге жіберілді. Үкімді Павлодар қалалық №2 соты шығарды.
Іс материалдарынан белгілі болғандай, Павлодар отбасылық үлгідегі балалар ауылының аумағына асфальт және брусчатка төселген болатын. Бұл іске бөлінген қаржы түгелдей жымқырылған болып шықты. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 6 миллионнан астам теңгені құрады.
«Прокурор екі айыпталушыны да 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруды сұрады. Жәбірленуші тараптың өкілдері жазалау бойынша сот шешіміне сүйеніп, келтірілген шығын сомасын толық өндіруді талап етті. Сотталушылар кінәларын мойындамай, соттан оларды ақтап шығуын өтінді. Іс бойынша келтірілген залал өтелмеді», – деп хабарлады Павлодар қалалық №2 сотының өкілі.Нәтижесінде екеуі де 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі жарияланғаннан кейін бұрынғы шенеунік Гүлбағда Кәрімова көз жасын тыя алмады. Айта кететін жайт, оның мемлекеттік қызметте жұмыс істеуіне өмір бойына тыйым салынды.