Олимпиадалық резервтегі спорт мектебінің директоры қамауға алынды

Олимпиадалық резервтегі спорт мектебінің директоры қамауға алынды

Олимпиадалық резервтегі спорт мектебінің директоры қамауға алынды
ашық дереккөзі
50363
Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік соты спорт мектебінің директоры Қанат Жанғалиевке қатысты үкім шығарды деп жазды turkystan.kz. БҚО соты баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 наурызда таңғы 05.00 шамасында спорт мектеп-интернатының директоры қызметтік көлікті мас халде жүргізген. Сот-медициналық сараптамасы интоксикацияның орташа дәрежесін анықтаған. Қанат Жанғалиев өз кінәсін мойындады.
«Сот Қанат Жанғалиевті ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы («Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы») бойынша кінәлі деп танып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу және 7 жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айыру жазасын тағайындады», – деп мәлімдеді сот өкілдері.
Жанғалиев Олимпиадалық резервтегі спорт мектеп-интернатының директоры болып 1 жылдан астам уақыт жұмыс істеген.

Серіктес жаңалықтары