50278
Қостанай облысында бір үйдің 3 қызы қайтыс болды
Қостанай облысында бір үйдің 3 қызы қайтыс болды
Қостанай облысының Амангелді ауданында 3 қыз бала газдан уланып көз жұмды деп жазды turkystan.kz.
Қайғылы оқиға 31 наурызда болған. Куәгерлердің айтуынша, 10, 5 және 3 жасар қыз балалар үйде ата-анасының қарауынсыз жалғыз қалған. Алдын ала мәлімет бойынша, олар улы газдан уланып қалған.
Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті қыз балалардың мерт болғанын растады және оқиға орнында арнайы мамандар жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді.