Қарағандыда 9 жастағы оқушы суға батып кетті

Қарағандыда 9 жастағы оқушы суға батып кетті

Қарағандыда 9 жастағы оқушы суға батып кетті
ашық дереккөзі
50549
Қарағанды қаласының Октябрь ауданында 9 жастағы бала су ағатын каналға батып кетті деп жазды turkystan.kz Қайғылы оқиға Серов көшесіндегі үйлердің маңында болған. Оқиға туралы ақпарат Қарағанды ​​облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басқару пультіне сағат 15.45-те түскен. Куәгерлердің айтуынша, балалардың бірі ойнап жүріп, ашық су каналына батып кеткен.
«Қайғылы оқиға Серов көшесіндегі үйдің жанында болды. Құтқарушылар шақыртудан бір сағат өткен соң, 2012 жылы туған баланың денесін судан шығарып алды. Қарағанды ​​облысының Төтенше жағдайлар департаменті баланың ата-анасына қайғырып көңіл айтады», – деп хабарлады департамент өкілдері.
Сонымен бірге ТЖД қызметкерлері ата-аналарға балаларын қараусыз қалдырмауға, олардың кіммен және қай жерде жүргенін жіті бақылауда ұстауға шақырды.

Серіктес жаңалықтары