Қаңтар оқиғасы: ҰҚК-нің 8 қызметкері мен 1 полицей қамалды

Қаңтар оқиғасы: ҰҚК-нің 8 қызметкері мен 1 полицей қамалды

Қаңтар оқиғасы: ҰҚК-нің 8 қызметкері мен 1 полицей қамалды
ашық дереккөзі
50263
Қаңтар оқиғалары кезінде ұсталғандарға күш қолданып, тергеу кезінде рұқсат етілмеген әдістерге барғаны үшін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 8 қызметкері ұсталды деп жазды turkystan.kz. Qazaqstan ұлттық телеарнасына сілтеме жасап. Бұл туралы Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің бірлескен брифингінде мәлім болды. Бас прокуратура бірінші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжановтың айтуынша, 9 лауазымды адам ұсталған. Оның ішінде 8 ұлттық қауіпсіздік қызметкері мен 1 полицей бар. Сондай-ақ ол қазір қамауда отырған күдіктілердің ешбіріне азаптаулар қолданылып жатқан жоқ деп мәлімдеді. Қаңтар оқиғалары кезінде қару қолданғаны үшін 17 адам бас бостандығынан айырылса, жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны үшін 152 адам сотталған. Қазір ел бойынша 3702 адам тергеліп жатыр. Полицейлердің айтуынша, қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақтың 1386 данасы табылған. 120 қару түрін азаматтар өз еріктерімен әкеліп тапсырған. Ал қаза тапқан азаматтардың толық аты-жөні бүкіл фактілер анықталған соң жарияланбақ.
«Барлығы 1700 жеке және заңды тұлға қылмыстық істер бойынша жәбірленуші болып танылды. 13 мыңнан астам азаматтан куә және жәбірленуші ретінде жауап алынды. 2400-ден астам сараптама тағайындалды. Полиция органдарының жұмысы ең алдымен зардап шеккен азаматтарға, бизнес өкілдеріне жәрдем көрсетуге және келтірілген залалдың орнын толтыру бойынша шараларға бағытталатынын ерекше атап өткім келеді», – деп мәлімдеді ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әделов.

Серіктес жаңалықтары