50477
«Бала-шағамен солтүстікке» жобасына өтінім беру басталды
«Бала-шағамен солтүстікке» жобасына өтінім беру басталды
«Dauletten» қайырымдылық қоры тарапынан ұйымдастырылған «БАЛА-ШАҒАМЕН СОЛТҮСТІККЕ» жобасына өтінімдерді қабылдау басталды деп жазды turkystan.kz.
Бұл туралы танымал экономист, блогер Дәулет Төлеутайұлы өзінің Instagram-дағы парақшасына жариялады.
Жоба аясында кезекті 5 отбасын еліміздің солтүстігіне қоныстандыру жоспарланған. Ал қор тарапынан жоба қатысушыларына мынадай бірнеше көмек беру көзделген:
- ауылдан үй алынады;
- жарты жыл көлемінде 60 000 теңге төленіп отырады;
- кәсіп бастауға қор тарапынан 1 000 000 теңге беріледі;
- оқушы балалардың жаңа оқу жылына мектеп құрал-жабдықтары алынады, т.б.
Посмотреть эту публикацию в Instagram