Түркістан облысында екі бала өрттен қайтыс болды

Түркістан облысында екі бала өрттен қайтыс болды

Түркістан облысында екі бала өрттен қайтыс болды
ашық дереккөзі
50501
Түркістан облысында жеке тұрғын үйлердің бірінде өрт шығып, оның салдарынан екі бала қаза тапты деп жазды turkystan.kz. Қайғылы оқиға 2 сәуір күні Сауран ауданының Бабайқорған ауылында болған. Кешкі уақытта ауданы 255 шаршы метр болатын екі қабатты тұрғын үй толығымен өртеніп кетті. Өрттің салдарынан бірінші қабаттың 60 шаршы метр төбесі опырылып түсті. Өрт орнынан 2007 және 2009 жылы туған екі жасөспірімнің мәйіті табылды. Куәгерлердің айтуынша, өрт кезінде үйде балалардан бөлек, 6 ересек адам болған. Олар шығып үлгерген. Екі бала ас үйде қалып қойған. Өрттің шығуына газ баллонындағы ақау себеп болды деген болжам бар. Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары