50369
Балқашта жүк пойызы әйелді басып кетті
Балқашта жүк пойызы әйелді басып кетті
Балқаш қаласында егде әйелді пойыз қағып кетіп, оқиға салдарынан ол қаза тапты деп жазды turkystan.kz.
Марқұм әйел жұмысшы кентінің тұрғыны болған. Ол Балқаш пен ауыл арасындағы аймақта темір жолды кесіп өтіп бара жатқан. Пойыз машинисі жолда келе жатқан адамды байқаған сәтте пойызды тоқтатуға тырысқанымен, соқтығысты болдырмау мүмкін болмаған. Әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
«Аталған факті бойынша Қарағанды-Сортировочная стансасындағы желілік полиция бөлімшесінде ҚР Қылмыстық кодексі 344-бабының 2-бөлігі («Жол қозғалысы немесе темір жол көлігін пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір оқиға бойынша қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп мәлімдеді Полиция департаментінің баспасөз қызметі.