Павлодарда кішкентай бала дәрігердің қателігінен антидепрессанттардан уланып қалды

Павлодарда кішкентай бала дәрігердің қателігінен антидепрессанттардан уланып қалды

Павлодарда кішкентай бала дәрігердің қателігінен антидепрессанттардан уланып қалды
ашық дереккөзі
50388
Павлодар облысы Полиция департаментінің мәліметінше, қаланың Лермонтов көшесіндегі дәріханалардың бірінде әйел дәрігердің рецепті бойынша 2019 жылы туған балаға дәрі сатып алған деп жазды turkystan.kz.
«Дәрі қабылдағаннан кейін кәмелетке толмаған бала өзін нашар сезініп, құса бастаған. Әйел дереу жедел жәрдем шақырған. Бала «антидепрессантпен улану» диагнозымен ауруханаға жатқызылды. Тексеріс нәтижесінде фармацевт қателесіп, қала тұрғынына дәрігердің тағайындаған тізіміне сәйкес емес дәріні сатып жіберген», – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 317-бабы – медицина немесе фармацевтика қызметкерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары