Ақылы байқау ақылды бала қалыптастыруға негіз бола ала ма?

Ақылы байқау ақылды бала қалыптастыруға негіз бола ала ма?

Ақылы байқау ақылды бала қалыптастыруға негіз бола ала ма?
ашық дереккөзі
50986
Ізденіс жолына түскен, мектеп жасындағы оқушы үшін өз қа­бі­лет-қарымын көр­сететін әрбір мүм­кіндік алаңы маңызды. Ол мек­те­пі­шілік өнер сайыстары не­месе ау­дандық, облыстық бай­қаулар болуы мүмкін. Тіп­ті, «республи­ка­лық» де­ген статусы бар кез келген кон­­курстың сертификаты мен ма­ра­паты жетістікке ұм­тылған жа­сөс­пірім үшін аса өзекті екені сөз­сіз. Сол үшін де мектеп оқу­шы­лары кон­курс, олимпиада атау­лыға жары­са қатысып жа­тады. Дегенмен «саны көп, сапасы жоқ», 300, 500, 1 000 теңге болса да баланың қал­­­тасын қағуды мақсат тұтатын бай­қау­лар­дың бар екені жасырын емес. Жай ғана бар емес, олар өте көп. Білім және ғылым ми­нистрі Асхат Аймағамбетовтің сөзінше, он­дай олимпиадалар білімнің құнын түсіріп, ба­ланың ұмтылысына, ынта-жігеріне кері әсер етеді. Олай деу себебіміз, ол ақылы бай­қау­ларда нақты бір құрылған алгоритм жоқ. Мы­салы, 1-орын жеңімпазы біреу емес, бір­неше болып шығып, алғашқы 2, 3-орынды да 10-20 шақты қатысушы қатарынан ие­леніп жатуы ғажап емес. Одан бөлек, ақпарат құпиялылығының сақталмауы. Өйткені ақысы төленген соң байқау сұрақтары қолға беріледі. Сол арқылы бала парақтағы тап­сыр­маларды ағайын-туыс, ата-анасының жа­нында отырып та оңай орындап тастай ала­ды. Бұлардың барлығы – оқушының бі­лім көрсеткіштерін нақты бағалау кри­те­рийі­не қарама-қайшы келіп, пәндік олим­пиа­да мәртебесін төмендететін факторлар. Сондай-ақ министр білім ордаларында ақылы олимпиада өткізілмеуі керек де­ген талап қойылғанын қадап айтқан еді. Ал оған баланың өзі қатысуға ниетті болса, ол процесс мектептен, мұғалімдерден тыс жүр­гізуге тиіс. Оған шектеу жоқ. Бұл – әр адам­ның жеке таңдауы екенін алға тартқан ми­нистр тағы бір жайтты жіті бақылауда ұстау керегін ескерткен. «Бірақ мектеп ұйымдастырып, олар ақы­лы олимпиадаға қатыс деп мәжбүрлесе, бұл бас­қа мәселе болып саналады. Қазір біз ақы­сыз олимпиадалардың санын көбейтіп жа­тыр­мыз. Ондай олимпиадалар көп болуы ке­рек. Бұл – балалар үшін маңызды. Бірін­ші­ден, ол ашық, адал болуы керек. Екіншіден, бала­ның білімін анықтайтын олимпиада болуы керек» деп ескерткен Асхат Аймағамбетов. Дәл осы тұста «қазіргі орта және жо­ғары білім беру саласында «Республи­ка­лық, халықаралық деңгейдегі деген титул­ды иеленіп алып, ақылы-тегіні бар, сапалы-са­пасызы бар, санына жетіп болмайтын кон­курстар мен байқауларды бақылап, сарап­тап отыратын орган бар ма?» деген заңды сұрақ туатыны сөзсіз. Сол байқау­лар­дың ең басты қатысушылары оқушылар мен оқытушылар, ал қамтитын аумағы мектеп ау­диториясы болғандықтан, Білім және ғы­лым министрлігінің Мектепке дейінгі және ор­та білім беру комитетінің бас сарапшысы Ма­рат Сүлейменовке көтерген мәселеге қа­тысты бірнеше сауал жолдаған едік. Марат Сүлейменов, Білім және ғылым министрлігі­нің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті­нің бас сарапшысы:
Артықшылық берілген олим­пиадалар бар – Жеке қоғамдық ұйымдар Білім және ғылым министрлігіне бағынысты болмаған соң, олар қандай да бір конкурстар өткізетін бол­са, оны тексеруге, жұмысын үйлестіруге ми­нистрліктің құзыреті жоқ. Жеке ұйымдар кә­сіпкерлік қызмет субъектілері болған­дық­тан, Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жұмыс ат­қарады. Сондай-ақ осы бұйрықпен бекітіл­ген олимпиадалар мен жарыстар тегін өткі­зі­леді. Жалпы білім беретін пәндер бойын­ша республикалық және халықара­лық олимпиадалар мен ғылыми жобалар, кәсіби шеберлік конкурстары және спорттық жа­рыстардың ішінде ресми түрде рұқсат етіл­гендері Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы №514 бұйры­ғын­да көрсетілген. Сондай-ақ барынша ашықтықты қам­та­масыз ету мақсатында министрлік өт­кізетін барлық олимпиада мен жарыс­ «Дарын» республикалық ғылыми-прак­ти­­­калық орталығының daryn.kz сайтында жарияланады, оған кез келген адам кіріп кө­ре алады. «Ал ол байқаулар талапкерлерге қандай ық­пал етеді?» деген сұраққа келсек, «Білім ту­ралы» Қазақстанның 2007 жылғы 27 шіл­де­дегі заңына сәйкес, бiлiм беру гранттарын алу конкурсы кезiнде түлектердің 8 ұпайлары тең болған жағдайда, халықаралық пәндік олим­пиадалар мен ғылыми жобалар кон­курс­тарының (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен мара­пат­талған), ха­лықаралық, республикалық конкурс­тары­ның және спорттық жарыс­тардың соңғы үш жылдағы жеңiмпаздардың, сондай-ақ өздерi таңдаған мамандықтары бойынша олим­­пиада жеңiмпаздарының артық­шы­лық­ты құқығы бар.
«Бізде оқушылардан ақша жиналмайды» БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің жауабын алып болған соң бұл байқау, олимпиадаларға қатысу мек­теп­тердің өзінде қалай жүзеге асады екен деген ойға қалдық. Астаналық мектептердің осы са­лаға жауапты мамандарын сөзге тартқан едік. Ең бірінші BINOM Ұлы дала мектебінің бейін­дік оқыту жөніндегі директордың орын­басары Самал Жәдігерқызынан мектеп оқу­шылары жиі қатысатын республикалық не­месе халықаралық олимпиадалар туралы сұрадық. Оның сөзінше, балалар қатысатын байқаулардың ең негізгілері — «Дарын» рес­публикалық ғылыми-практикалық ор­та­лығымен ұйымдастырылатын тегін, мек­тептен бастап, кейін қалалық, аудандық, республикалық, халықаралық деңгейде өтетін байқаулар мен жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиадалар. Әлбетте, мектеп оқушылары үшін әр­бір марапат, мадақтың орны ерекше ыс­тық болатыны сөзсіз. Ал сол барын салып, жа­нын салып қатысқан олимпиадалардан ал­ған диплом-сертификаттардың нақты қан­дай пайдасы болады?! БҒМ жолдаған сауа­лымызға қатысты Самал ханымның да жауа­бын естігіміз келді. Оның айтуынша, биылғы жылы ми­нистрліктің бекітіп жатқан халық­ара­лық деңгейдегі олимпиададан оқушы орын алса, әр медальға ақшалай түрде сыйа­қы беріледі деген қаулысы мо­ти­ва­ция­ беретін жаңалық болып тұр. Осылайша, оқу­шы­лар ауқымды деңгейдегі конкурс-олим­пиа­даларға қатысуға тырысатын болады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жол­дауын­да халықаралық пәндік олимпиада­лар­да жеңімпаз және жүлдегер болған оқу­шы­ларға бір реттік ақшалай сыйақы беруді тап­сырған болатын. Дарынды балаларды қолдау үшін Пре­зиденттің тапсырмасына сәйкес, кон­курсқа қатыспай-ақ гранттар беру, сон­дай-ақ халықаралық олимпиада жеңім­паз­дары­на біржолғы ақшалай сыйақы беріледі деп жоспарланып отыр. Атап айтсақ, алтын медаль үшін – 4,5 млн, күміс медальға –3 млн, қола медальға 1,5 млн ұсынылмақ. Со­ны­мен бірге жүлдегерлерді дайындаған пе­да­гогтерді қолдау мақсатында 450-150 мың көлемінде сыйақы беріледі.  width= Әбунасыр Әбдукамалұлы, №76 Әлихан Бөкейхан атындағы мектеп-лицейінің менеджері:
Ақылы олимпиадаларға көңілім толмайды – Жалпы, мектеп оқушылары қатысатын бай­­қау, олимпиада саны өте көп. Негіз­гі­ле­рін айта кетсек, олар 5-6-сыныптарға ар­нал­ған республикалық пән олимпиадасы, 7-8-сыныптарға арналған «Юниор» жа­сөс­пірім­дер олимпиадасы, 9-11-сыныптарға арналған республикалық пән олимпиадасы. «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебінің ұйым­дастыруымен еліміздің бірнеше қалаларында өткізілетін «Алтын сақа», «Алтын түлек» ма­­­тематикалық олимпиадасы бар. Мен олим­­пиадаға жауапты маман ретінде та­ғайын­далғаннан бері мектепте өткізген бі­лім бәйгелерінің ішінен көңілімнен шық­қан­дары деп осыларды бөліп айтар едім. Менің көңілім толмайтын олим­пиа­далар – ақылы түрде өтетін олим­пиа­далар. Сондай-ақ «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастыруымен ақылы түрде жүргізілетін, ми­нистрлік бекіткен екі олимпиада бар. Бірін­шісі — «Ақбота», екіншісі — «Кенгуру» олим­пиадасы. Бұл олимпиада үшін ата-ана­дан ақша алынбайды. Оған қатысу жауап­кер­шілігін мектеп әкімшілігі немесе жеке ор­гандар өз мойнына алады. Қазір сол екі олим­пиада мәселе ретінде көтеріліп, қызу тал­қылауға түсіп жатыр, – дейді маман. Материалды дайындау барысында ин­тернет желісіндегі қазақ және орыс тілінде қатысуға болатын ақылы, он­лайн олимпиада, конкурстарға бір мони­то­ринг жасап көрген едік. Солардың ішінде ҚКО (конкурс, конференция, олимпиада), sayatty-el.kz танымдық сайты, www.азбука.kz, bilim-teniz.kz сияқты білім порталдары мен қа­зақтілді qaztest.kz интернет олимпиада сай­ты бар екен. Шығармашылық конкурс­тары­нан бастап, танымдық, пәндік олим­пиа­даларға дейін бар. Оқушыларға қатысу үшін 500 теңге, ал мұғалімдер мен тәрбиешілер үшін 600-1 000 теңге (немесе одан да жо­ғары) төлейді. Білім министрі айтқандай, бұл ақылы он­лайн олимпиадаларға қатысу еш мәж­бүрлеусіз, ерікті түрде жүргізіледі. Дегенмен жал­пы ақылы түрде білім бәйгелерін өткізу­дің жолын және оған деген БҒМ көзқарасы қандай екенін білмекке Qaztest онлайн олим­пиада орталығының ұйымдастыру ко­митетіне сауалымызды жолдап едік.
«Біздің ақылы өткізу себебіміз – басқа қаржыландыру көзі жоқ» Біздің министрлік олимпиадаларынан айыр­машылығымыз — қолжетімділі­гі­міз. Бізге көп мұғалім «Министрлік тегін байқаулар ұйымдастырамыз, ақылы байқауларға қатыспаңыздар деп айтады. Бі­рақ сол тегін олимпиадаларға бәрі бірдей қа­тыса алмайды. Сіздердікі қолжетімді бол­ға­ны жақсы», – дейді. Бұл салада Қазақ­стан­ға өзіміз өнім ұсынбасақ, шетелдік ком­­­­паниялар қазақ аудиториясын өз олим­пиа­даларына қатысуға шақырады. Біздің жо­баның ең басты миссиясы – қазақтілді ау­диторияға контент ұсыну. Олимпиадаларымыздың басым көп­ші­лігі – ақылы. Абай атындағы Қа­зақ ұлттық педагогикалық университетімен бірі­гіп бірнеше рет тегін олимпиадалар ұйым­дастырдық. Біздің ақылы түрде өткізу себе­бі­міз – басқа қаржыландыру көзі жоқ. Қаты­су жарнасы компания жұмысына, марапат­тар­ға, тесттерді дайындауға және мамандарға жұм­салады. Егер қаржыландыру көзі болса, олим­пиадаларды тегін ұйымдастырып, плат­форма ұсынуға қарсы емеспіз. Осы ретте біздің тараптан ұсыныс бар. Онлайн олимпиадаларды ұйымдас­тыру­ға заңды шектеу жоқ, рұқсат екенін Асхат Аймағамбетов мырза да айтады. Де­мек, онлайн олимпиадалардың статусын анық­тау керек. Онлайнның бәрі сапасыз деу­ге болмайды, – деп жауап берді Qaztest он­лайн орталығы. Түйіндей келсек, білім бәйгелері оқу­шы­ның таным көрсеткішін анық­тау­ға мүмкіндік беретін әдістемелік құрал­дар­дың бірі болғандықтан, оның сапалы әрі қол­жетімді болуы әрқашан маңызды. Олим­пиадалардың тегін ұйымдастырылуын БҒМ өз бақылауына алып отырғаны да көңіл қуан­тады. Дегенмен сол байқаулардың өткі­зілуі барысында тамыр-таныстық пен сы­байлас жемқорлық фактілерінің орын ал­мауы министрлік пен олимпиада әкімшілігі тара­пынан қатаң қадағалануға тиіс. Сонымен қатар кейбір конкурс, білім сайыс­тары тек «республикалық» не­месе «халықаралық» деген титулды иеленгені үшін ғана баланың уақыты мен ресурсын ұр­ламауы керек. Министрлік бекіткен №514 бұй­рық негізіндегі білім додасы мен шы­ғар­машылық конкурстарға ғана басымдық бері­ліп, өздерінің коммерциялық мақсатын көз­дейтін, не мұғалімнің аттестациясына, не оқушының болашақ портфолиосына жа­рам­сыз олимпиада, байқаулар сұрыпталып, сауат­ты ой сүзгісінен өткені дұрыс.

Әсем БЕКТЕМІРҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары