Алик Айдарбаев «ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасы қызметінен кету туралы өтініш берді

Алик Айдарбаев «ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасы қызметінен кету туралы өтініш берді

Алик Айдарбаев «ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасы қызметінен кету туралы өтініш берді
ашық дереккөзі
50466
Алик Айдарбаев «ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасы қызметінен кету туралы өтініш берді деп жазды turkystan.kz KazTAG ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап. Агенттіктің хабарлауынша, «ҚазМұнайГаз» басқарма төрағасының орынбасары Данияр Тиесов те қызметінен кетуге ниетті. Енді басшы лауазымына Президент кеңесшісі міндетін атқарушы Мағзұм Мырзағалиев пен «ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма басшысының орынбасары Құрманғазы Есқазиев ықтимал кандидаттар ретінде қаралуда. Саясаттанушы Ербол Еділов өзінің Telegram-арнасында ұлттық компанияның келесі басқарма төрағасы туралы сауалнама ұйымдастырды. Мағзұм Мырзағалиевке көпшілік, атап айтқанда, қолданушылардың 49 пайызы дауыс берген.

Серіктес жаңалықтары