Бортында 15 адам бар индонезиялық ұшақ жоғалып кетті

Бортында 15 адам бар индонезиялық ұшақ жоғалып кетті

Бортында 15 адам бар индонезиялық ұшақ жоғалып кетті
ашық дереккөзі
187
Қос моторлы M-28 Skytruck ұшағын Индонезия полициясы іздестіруде. Оның бортында 15 адам болған. Бұл туралы Reuters агенттігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады. Индонезияның Әскери-теңіз флоты құтқару операциясын жүргізу үшін үш кеме және екі патрульдік қайық шығарды. Сингапурдың азаматтық авиация басқармасының мәлімдеуінше, ұшақпен байланыс Батам аралына жақын тұста теңіз үстінде үзілген. The Straits Times басылымының жазғанына сенсек, M-28 Skytruck сынықтарын Пулау Лингга аралының маңынан балықшылар жергілікті уақытпен 11:30-да тауып алған.

Серіктес жаңалықтары