50229
Қазақстан шетелден қомақты қарызды не үшін алған?
Қазақстан шетелден қомақты қарызды не үшін алған?
2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мемлекеттік қарыз 22 трлн теңгеге немесе ЖІӨ-нің 27,4%-ына жеткен. Бұл жайлы Сенат отырысында депутат Нұрлан Бекенов мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.
Премьер-министрдің атына жолдаған депутаттық сауалында ол мұндай қарыздарды пайдалануда тиімділік деңгейі төмен екенін атап өтті.
«Қаржы министрлігінің ақпаратына сәйкес, 2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мемлекеттік қарыз 22 трлн теңгеге немесе ЖІӨ-нің 27,4%-ына жетті. Үкіметтің сыртқы борышы, мемлекет пен квазимемлекеттік сектордың кепілдік берген сыртқы борышы 37 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл Ұлттық қор активтерінің 67%-ын құрайды және шекті мәнге жақындап келеді. Ұлттық қорды қарыздарды өтеу бойынша кепілдендірілген резерв ретінде ғана қарастыруға болмайды деп ойлаймын», - деді Нұрлан Бекенов.Депутат еліміздің сыртқы қарызының артуына ықпал ететін негізгі факторлар - тиімсіз пайдалану, қарыз ақшаға сұраныстың жоқтығы, несиенің бір бөлігін жою, сондай-ақ квазимемлекеттік компаниялардың ақшаны өндірістік емес мақсатқа тарту екенін айтты.
«ҚазМұнайГаз» АҚ еншілес ұйымының өз қаржысы бола тұра, 2017 жылы акционерлерге дивиденд түрінде беру мақсатында 300 миллион АҚШ доллары сомасын 3 жыл мерзімге қарызға алды. Яғни, бұл қарыз дивидендтер төлеу үшін алынды. Бұл - халықаралық қарыздарды жөнсіз жоспарлау мен пайдаланудың жекелеген мысалдары ғана», - деді депутат.