727
Гавай аралдары қалың қардың астында қалды
Гавай аралдары қалың қардың астында қалды
Гавай аралдарына бұрын-соңды жаумаған қалың қар түсті. Кейбір аудандарда қардың қалыңдығы 90 сантиметрге жеткен, деп хабарлайды Би-би-си телеарнасы.
Телеарна жариялағана видеодан Гавай аралдарындағы Мауна-Кеи және Мауна-Лоа жанартауларының шыңына жақын маңда қатты боран соғып, айнала ақ түтекке оранғанын байқауға болады.
Қалың қардың астында қалған тау бөктелері теңіз деңгейінен төрт шақырым биіктікте орналасқан. Бұл – тау шаңғышылары мен сноубордистер үшін таптырмас орын. Алайда Би-би-сидің хабарлауынша, жергілікті инфрақұрылым мұндай табиғи жағдайларға лайықталмаған.
Жергілікті билік арал тұрғындарына ауа райы тұрақталғанша үйден шықпауды ескертті. Синоптиктердің айтуынша, Тынық мұхитының тропикалық аралдарында қардың жаууы – сирек құбылыс. Гавайи аралдарының басқа аудандарында нөсер жауын толастамай тұр.