Пентагон Украина әскерлеріне әскери дрондарды қолдануды үйретпек

Пентагон Украина әскерлеріне әскери дрондарды қолдануды үйретпек

Пентагон Украина әскерлеріне әскери дрондарды қолдануды үйретпек
ашық дереккөзі
50220
Пентагон АҚШ жерінде Украина әскерлеріне әскери дрондарды ресейлік танктер мен басқа да брондалған техникаға қарсы қолдануды үйретеді деп жазды turkystan.kz TRT арнасына сілтеме жасап. Бұл туралы ақпаратты The New York Times басылымының тілшісі хабарлады. Оның айтуынша, осы уақытқа дейін АҚШ Украинаға ондаған ұшқышсыз ұшу аппараттарын, оның ішінде камикадзе дрондарын жіберген. Бұған дейін Bloomberg басылымы Пентагон Украинаға ең соңғы Switchblade дрондарын жіберуге ниетті екенін хабарлаған. 16 наурызда Ақ үй құны 800 миллион доллар болатын 100 Switchblad-300 дроны жеткізілетінін хабарлады. Simi Valley компаниясы шығарған дрондар 39 шақырым ұшуға және шабуылға дейін 40 минут ауада тұруға қабілетті.

Серіктес жаңалықтары