50330
Полицейлердің ерсі әрекеті видеоға түсіп қалды
Полицейлердің ерсі әрекеті видеоға түсіп қалды
Шымкентте полицейлер көлік жүргізушісін балағаттаған. Форма кигендердің бұл әрекеті әлеуметтік желілерді шарлап жүр деп жазады turkystan.kz.
Полиция қызметкерлерінің ерсі қылығына ызаланған ер адам оқиғаны видеоға түсіріп, желіге жариялап жіберген.
Видеодан байқасаңыздар, екі полиция қызметкерінің жол жиегінде қалай тұрғаны көрінеді. Бір кезде олар ер адамға кете беруге болатынын айтқан. Оған қоса, оны балағаттай бастаған. Осы оқиғаға байланысты қалалық Полиция департаменті оқиғаның былтыр болғанын хабарлады.Посмотреть эту публикацию в Instagram
«Бұл видео 29 қазанда түсірілген. Осы факті бойынша патрульдік полиция полкінің қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексеру жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша қызметкерлердің әрқайсысына қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза тағайындалды», – делінген Шымкент қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің жауабында.