50226
Ерғалиев те партия құрмақ
Ерғалиев те партия құрмақ
Қазақстан құрылысшылар одағы өзінің саяси партиясын құратынын мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл туралы 6 сәуір күні Құрылысшылар одағы президиумының төрағасы Талғат Ерғалиев баспасөз мәслихатында айтты.
«31 наурызда өткен есеп беру конференциясында құрылысшылар, жасаушылар, өндірушілер «Еңбек» партиясын құруды ұсынды. Біз - еңбек адамдарымыз. Бүгінгі қабылданып жатқан заңдар тиімді болып, қарапайым қазақстандықтар игілігін көруі үшін бізге жұмыс істеуге мүмкіндік беру керек», - деді ол.Ерғалиевтің айтуынша, Қазақстанда құрылыс саласының мәселелері ұзақ жылдар бойы шешімін таппай келеді. Мысалы, құрылыс саласы дамымаған, ел импортқа тәуелді, қазақстандықтар баспанамен қамтамасыз етілмеген. Бұл ретте қоғамдық бірлестік жағдайды толық өзгерте алмайды.
«Біз заң шығару процесіне ықпал етуді, қолдауды, көмектесуді, жеделдетуді, қатысуды қалаймыз. Бизнестің нақты өзін-өзі реттеуіне қол жеткізгіміз келеді», - деп түсіндірді Ерғалиев партияның құрылу себебін.