Банк несие берерде мұны сізге ескертпейді

Банк несие берерде мұны сізге ескертпейді

Банк несие берерде мұны сізге ескертпейді
ашық дереккөзі
50343
Қазақстандықтар 1 жылдың ішінде 50 млрд теңгеге өз өмірін сақтандырып қойыпты. Олардың арасында несие алуға барған азаматтар да болуы мүмкін. Өйткені банк қызметкерлері кредит рәсімдеуге барғандарға «өміріңізді сақтандырмасаңыз, несие мақұлданбайды» деп бірден ескерту жасайды екен. Ал сақтандырылған сомаңызды алдын ала төлеп тастасаңыз, артылған ақшаңызды алып кетуге толық құқылы екенінен тұрғындардың көбі хабарсыз деп хабарлады turkystan.kz Информбюроға сілтеме жасап.
«Өміріңді сақтандырмасаң, кредит мақұлданбайды деді. Келісімшарт бойынша бәрін келісіп қойдық. Солай 200-300 мың қосып қайтардық», – дейді несие алушы Нұр Жақсылық. Ал Айсұлу Бұрқанова: «Ол кезде кішкене сауатсыздау болдым. Банк менеджері соның ішінде сақтандыру бар, кредитті жапқаннан кейін оны қайтып ала аласың деп айтпады», – деп отыр.
Заңгер Ғабит Өмірбек жабылған несиенің сақтандыру сомасын қайтарып алу мүмкіндігі өте жоғары дейді. Бастысы, банктегі қарыз уақытынан бұрын өтелген болуы керек. Тіпті сот арқылы қазір төлеп жатқан кредит бойынша рәсімделген сақтандыру сомасын алуға мүмкіндік бар екенін алға тартты. Ол үшін заңгерлердің көмегіне жүгінуге болады.

Серіктес жаңалықтары